«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» халықаралық акциясы аясында №1 Шонжы мектеп-лицейінде жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу, адам құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеу мәдениетін қалыптастыру бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Аталған бастама шеңберінде мектептің 8 «Г» сынып оқушылары сынып жетекшісі А. А. Акпарованың жетекшілігімен тақырыптық бейнеролик әзірледі. Бейнероликтің басты мақсаты – қоғам назарын зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесіне аудару, өзара сыйластық, түсіністік пен қолдау құндылықтарын дәріптеу. Бейнематериалда зорлық-зомбылыққа бейжай қарамау, қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсету, кез келген мәселені өзара түсіністік пен бейбіт жолмен шешудің маңыздылығы кеңінен насихатталған. Қауіпсіз орта қалыптастыру – баршамызға ортақ жауапкершілік. Отбасындағы сыйластық, білім беру ұйымындағы сенім мен қоғамдағы жанашырлық зорлық-зомбылықтың алдын алудың маңызды негізі болып табылады. Әрбір адам құрметке, қамқорлыққа және қауіпсіз өмір сүруге лайық. Сондықтан зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы тұру, оған жол бермеу және өзара қолдау мәдениетін қалыптастыру – ортақ міндетіміз.
Басты бет Ақпарат ағыны Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет: оқушылар қауіпсіз қоғамды қолдайды
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Зорлық-зомбылыққа жол жоқ: қауіпсіз қоғам – ортақ жауапкершілік
Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы ең алдымен адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуына, … -
Зорлық-зомбылықсыз қоғам – қауіпсіз болашақ кепілі
25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында әлемнің көптеген елдерінде жыл сайын өткізілетін «Зо… -
Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес – ортақ міндет
«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн» халықаралық акциясы аясында Ұйғыр аудандық Жаста…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
Зорлық-зомбылыққа жол жоқ: қауіпсіз қоғам – ортақ жауапкершілік
Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы ең алдымен адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуына, …
