25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында әлемнің көптеген елдерінде жыл сайын өткізілетін «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы бастау алды.
Аталған акция аясында Ұйғыр аудандық Отбасын қолдау орталығы тарапынан отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамда қауіпсіздік пен өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыру бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Акцияның негізгі мақсаты – зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы қоғамдық көзқарасты қалыптастыру, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ отбасындағы татулық пен берекені нығайту. Бұл бағыттағы жұмыстар тек белгілі бір кезеңмен шектелмей, қоғамның барлық мүшесінің ортақ жауапкершілігіне айналуы тиіс. Әрбір адам өзін қауіпсіз сезінетін, құқығы қорғалатын және өзара құрметке негізделген орта қалыптастыру – маңызды міндеттердің бірі.
Зорлық-зомбылыққа жол жоқ! Қауіпсіз отбасы мен бейбіт қоғам қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет.
