«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн» халықаралық акциясы аясында Ұйғыр аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шонжы политехникалық колледжінің студенттері арасында «Зорлық-зомбылық – қоғам дерті» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Кездесуге Ұйғыр аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысып, жастарға зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның негізгі түрлері мен салдары, заң алдындағы жауапкершілік және құқықтары бұзылған жағдайда көмекке жүгіну жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді. Іс-шара барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыру, сондай-ақ өзара сыйластық, жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарын дәріптеу мәселелеріне баса назар аударылды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында жалғасып, студенттер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, сала мамандарынан нақты әрі мазмұнды жауаптар алды. Мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, зорлық-зомбылыққа қатысты мәселелерге бейжай қарамауға және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы қоғамдық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
Зорлық-зомбылықсыз қоғам қалыптастыру – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.
