0
35

Шарын ауылдық округіндегі №918 сайлау учаскесінде ауыл шаруашылығы саласының өкілдері ерекше бастама көтерді. Ауылдың тыныс-тіршілігі мен еңбек адамдарының күнделікті жұмысын бейнелейтін бұл сәтте жергілікті шаруа қожалықтарының өкілдері ауыл шаруашылығы техникаларымен келіп, қоғамдық маңызы бар шараға белсенді қатысты. Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының маңызды бағыттарының бірі. Егін егіп, жер өңдеп, мал шаруашылығымен айналысып жүрген еңбеккерлер үшін әр күннің өзіндік жауапкершілігі бар. Соған қарамастан, шаруа қожалықтарының өкілдері ел өміріндегі маңызды шарадан шет қалмай, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдірді. Сайлау учаскесіне ауыл шаруашылығы техникаларымен келуі ерекше көрініс қалыптастырды. Дала еңбегінің қызған шағында жүрген шаруалардың ұйымдасқан түрде қатысуы ауыл еңбеккерлерінің қоғам өміріне деген белсенді көзқарасын көрсетті.
Сайлау барысында ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған үлесі де атап өтілді. Еңбек адамдары үшін туған жердің дамуы мен елдің болашағы әрдайым маңызды. Қатысушылар бұл күнгі бастама арқылы еңбек пен азаматтық жауапкершіліктің өзара сабақтас екенін көрсетті. Техника тізгіндеген шаруалар өздерінің күнделікті кәсібін жалғастыра отырып, қоғамдық өмірден де тыс қалмайтынын білдірді. Ұйымдастырушылар ауыл еңбеккерлерінің белсенділігі тұрғындар үшін үлгі екенін атап өтті. Елдің дамуына әр сала мамандарының өзіндік үлесі бар, ал қоғамдық маңызы бар шараларға қатысу – ортақ жауапкершіліктің көрінісі.
Шарын ауылдық округіндегі №918 сайлау учаскесінде өткен бұл ерекше сәт ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің ұйымшылдығын, туған жерге деген жанашырлығын және азаматтық белсенділігін айқын көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

1750 метр биіктіктен – сайлауға: Алматы облысында парапланшы сайлау учаскесіне ұшып келді

Қарасай ауданында сайлау күні ерекше оқиғамен есте қалды. Кәсіби парапланшы Ескендір Жүніс…