Бүгін орман шаруашылығы мекемесінің ұжымы ерекше ұйымшылдық танытты. Арнайы қызметтік киім үлгісін киген мекеме қызметкерлері бір уақытта сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
Бұл – ұжымдық бірліктің, тәртіп пен азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Күнделікті табиғатты қорғау, орман байлығын сақтау жолында еңбек етіп жүрген мамандар бұл күні де ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси шарадан шет қалмай, белсенділік танытты.
Бір ұжым. Бірлік. Ортақ жауапкершілік. 🌿
