Басты бет Ақпарат ағыны «БІРТҰТАС ҚОҒАМ: КЕЛІСІМ ЖӘНЕ СЕНІМ» ЖОБАСЫ

«БІРТҰТАС ҚОҒАМ: КЕЛІСІМ ЖӘНЕ СЕНІМ» ЖОБАСЫ

0
11

Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, аудандық ұйғыр этномәдени орталығында этномәдени бірлестік мүшелерімен «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбында кездесу өтті.

🔹 Кездесу барысында қоғамдағы татулық пен бірлікті сақтау, ауызбіршілікті нығайту, өзара сыйластық пен түсіністікті қалыптастыру мәселелері қозғалды. Сонымен қатар айналаның тазалығы, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және тазалықты сақтаудың маңыздылығы айтылды.
Тақырып аясында Огулгазиев Демян, Анаятова Фатима, Иминова Адалятхан және Джалилова Зляхам сөз алып, аталған мәселелер бойынша ой-пікірлерін ортаға салды. Олар татулық пен ауызбіршіліктің қоғам тұрақтылығы үшін маңызын атап өтіп, әр азаматтың қоғамдық ортаға және қоршаған тазалыққа жауапкершілікпен қарауы қажеттігін жеткізді.
Кездесу соңында қатысушылар осы мәселелер бойынша өз ұсыныстарын ортаға салып, татулық пен бірлікті сақтау, ауызбіршілікті нығайту және айналаның тазалығын қамтамасыз ету бағытында нақты ойларын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Достық пен бірлік – елдігіміздің берік тірегі

Достық пен бірлік – қоғамның тұрақтылығы мен мемлекеттің өркендеуіне негіз болатын асыл құ…