0
32

Қырғызсай ауылдық округіндегі №899 сайлау учаскесінде ерекше форматтағы қоғамдық бастама ұйымдастырылды. Орыс этносының белсенді өкілдері ретро стильдегі киім үлгісін киіп, ретро автокөлікпен келіп, дауыс беру күніне ерекше сән мен көңіл күй сыйлады. Ерекше форматта өткен бұл шара мәдени әртүрлілікті, этностар арасындағы өзара сыйластық пен достықты дәріптеуге бағытталды. Қатысушылар өткен дәуірдің өзіндік сән үлгісін жаңғырта отырып, қоғамдық өмірге белсенді араласудың үлгісін көрсетті. Ретро үлгідегі киімдер мен көлік сайлау учаскесіне келген тұрғындардың назарын аударды. Ерекше көрініс мерекелік көңіл күй қалыптастырып, ауыл тұрғындары арасында жақсы әсер қалдырды. Сайлауға қатысушылар Қазақстандағы этностардың татулығы мен бірлігі – қоғамның басты құндылықтарының бірі екенін атап өтті. Әртүрлі этнос өкілдерінің ортақ мақсат жолында бірлесіп, ел өміріне белсенді араласуы қоғамдық келісімнің нақты көрінісі екені айтылды.
Бастама барысында мәдени дәстүрлерді сақтау, оны кейінгі ұрпаққа жеткізу және қоғамдық бірлікті нығайту мәселелеріне де назар аударылды. Қырғызсай ауылдық округіндегі бұл ерекше сәт тек сыртқы сән үлгісімен ғана емес, өзінің мазмұнымен де ерекшеленді. Өткенге құрмет көрсете отырып, қатысушылар бүгінгі қоғам өміріне белсенді араласудың маңыздылығын жеткізді.
Қорытындысында елдегі татулық пен қоғамдық келісімді сақтау әрбір азаматтың ортақ міндеті екені атап өтілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

1750 метр биіктіктен – сайлауға: Алматы облысында парапланшы сайлау учаскесіне ұшып келді

Қарасай ауданында сайлау күні ерекше оқиғамен есте қалды. Кәсіби парапланшы Ескендір Жүніс…