Басты бет Ақпарат ағыны Заңға құрмет – жарқын болашақтың кепілі

Заңға құрмет – жарқын болашақтың кепілі

0
24

Қоғамның тұрақты дамуы ең алдымен заңның үстемдігіне байланысты. Заң сақталған жерде әділет салтанат құрып, қоғамдық тәртіп нығаяды, ал азаматтардың мемлекетке деген сенімі артады. Сондықтан бүгінде елімізде жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» идеологемасы тек құқық қорғау органдарының жұмысы ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ құндылығына айналып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар Алматы облысының Ұйғыр ауданында да жүйелі әрі нәтижелі жүзеге асырылуда. Мұнда құқық бұзушылықтың алдын алу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындар арасында заңға деген құрметті қалыптастыру басты назарда. Ауданда құқықтық түсіндіру жұмыстары тек ресми кездесулермен шектелмейді. Мектептер мен колледждерде өткізілетін ашық пікірталастар, ауыл тұрғындарымен кездесулер, көшпелі қабылдаулар мен ақпараттық акциялар азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға тың серпін беруде. Жыл басынан бері ұйымдастырылған жүзден астам кездесуде тұрғындарға заң талаптарын сақтау, интернет-алаяқтықтан қорғану, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, киберқауіпсіздік, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және қоғамдық жауапкершілік мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан құқықтық тәрбие жұмыстарының басым бөлігі жас буынға бағытталған. Осы мақсатта өткізілген «Заң мен тәртіп» жастар форумы жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтуге ықпал етті. Форум аясында жастар құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен еркін пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы маңызды бағыттың бірі – профилактика. Ұйғыр ауданында прокуратура, полиция, білім бөлімі, ішкі саясат бөлімі және Жастар ресурстық орталығының бірлесуімен тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Қоғамдық орындарда жүргізілетін мұндай жұмыстар құқық бұзушылықтың алдын алып қана қоймай, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де мүмкіндік береді. Ақпараттық кеңістіктегі жұмыстардың да маңызы зор. Бүгінде тұрғындардың басым бөлігі қажетті ақпаратты әлеуметтік желілерден алады. Осыны ескерген ауданның жауапты мекемелері құқықтық бағыттағы бейнероликтерді, инфографикаларды, түсіндірме материалдарын, сараптамалық мақалаларды және жадынамаларды тұрақты түрде жариялап келеді. Шонжы ауылындағы LED экрандар мен аудан аумағындағы билбордтар арқылы да заң талаптарын сақтау жөніндегі ақпараттар кеңінен насихатталуда. «Заң мен тәртіп» қағидаты тек құқық бұзушылықпен күресуді ғана білдірмейді. Ол – азаматтардың құқықтарын қорғау, өзара құрмет пен жауапкершілікті қалыптастыру, қауіпсіз өмір сүруге қолайлы орта құру деген сөз. Сондықтан Ұйғыр ауданында бұл бағыттағы жұмыстар тек мемлекеттік органдардың міндеті ретінде емес, қоғамның ортақ ісі ретінде қарастырылып отыр. Бүгінде аудан көлемінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, жол қауіпсіздігі, есірткі қылмысының алдын алу және өзге де маңызды бағыттар бойынша ақпараттық-идеологиялық жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Бұл жұмыстардың барлығы тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға бағынатын қоғам қалыптастыруға бағытталған. Заң үстемдік құрған жерде ғана әділетті қоғам орнығады. Сондықтан әрбір азамат заңды құрметтеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға өз үлесін қосқанда ғана қауіпсіз әрі берекелі қоғам құра аламыз. Ұйғыр ауданында жүзеге асырылып жатқан жүйелі жұмыстар осы мақсатқа қызмет етіп, құқықтық мәдениеті жоғары, жауапкершілігі мол қоғам қалыптастыруға өз үлесін қосуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Информация о конкурсе присуждения Премий для НПО

В целях поддержки деятельности неправительственного сектора, с 2017 года Министерством вне…