Басты бет Ақпарат ағыны Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның басты кепілі

Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның басты кепілі

0
25

Президент айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты – еліміздегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және заң үстемдігін нығайтуға бағытталған маңызды идеологиялық бастамалардың бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар Алматы облысының Ұйғыр ауданында да жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Ауданда құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жастар арасында заңға құрмет қалыптастыру мақсатында кешенді іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мемлекеттік органдар, құқық қорғау құрылымдары, білім беру ұйымдары, Жастар ресурстық орталығы, Қоғамдық келісім және даму орталығы, Отбасын қолдау орталығы мен өзге де мекемелердің бірлескен жұмысының нәтижесінде құқықтық профилактика тұрақты сипатқа ие болды. Есепті кезеңде аудан көлемінде колледж студенттерімен, мектеп оқушыларымен және ауылдық округтердің тұрғындарымен құқықтық түсіндіру бағытында 111 кездесу өткізілді. Кездесулер барысында заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтану, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, есірткі қылмысының алдын алу, қоғамдық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2026 жылғы 9 сәуірде аудан көлемінде «Заң мен тәртіп» жастар форумы ұйымдастырылды. Форумға аудан мектептерінің жоғары сынып оқушылары, колледж студенттері, жастар ұйымдарының белсенділері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты. Іс-шара барысында заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жастардың азаматтық жауапкершілігін күшейту және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды. Сол күні Алматы облысы Ұйғыр ауданы прокуратурасының бастамасымен құқықтық тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналған ведомствоаралық кеңес өткізілді. Кеңесте ауданның криминогендік ахуалы жан-жақты сараланып, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ облыс прокуратурасының «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» және «TURAN» жобаларын тиімді іске асыру мәселелері қаралды. Мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Жалпы, өткізілген құқықтық іс-шараларға 600-ден астам адам қатысып, тұрғындар арасында заң талаптарын түсіндіру жұмыстары кең көлемде жүргізілді. Құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар профилактикалық рейдтер арқылы да жалғасуда. Жыл басынан бері аудандық полиция бөлімімен бірлесіп 70 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып, олардың қорытындысы бойынша әлеуметтік желілерде 600-ге жуық ақпараттық жарияланым орналастырылды. 2026 жылғы 9 маусымда аудандық прокуратура, полиция бөлімі, Жастар ресурстық орталығы, білім бөлімі және ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен ауқымды профилактикалық рейд өтті. Рейд барысында қоғамдық орындар, ойын-сауық және қоғамдық тамақтану нысандары, көшелер мен жастар көп шоғырланатын аумақтар қамтылып, құқық бұзушылықтардың алдын алу және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шонжы ауылындағы Илья Бахтия атындағы мектептің спорт алаңында ашық аспан астында «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттауға арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Кездесуге 150-ге жуық тұрғын, жастар, еріктілер мен ауыл тұрғындары қатысып, заң үстемдігі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат алды. Қатысушыларға құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған жадынамалар мен ақпараттық материалдар таратылды. Аудан әкімінің халықпен кездесулері барысында да құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылып келеді. Кездесулерде азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. «Заң мен тәртіп» идеологемасын ақпараттық сүйемелдеу де жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Өткізілген барлық іс-шаралар аудан әкімдігінің және жауапты мемлекеттік мекемелердің ресми әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ аудандық «Қарадала тынысы» газетінің ресми сайтында тұрақты жарияланып келеді. Жыл басынан бері осы бағытта әлеуметтік желілерде 10 мыңнан астам ақпараттық жарияланым жарық көрді. Сонымен қатар, Шонжы ауылындағы LED экрандарда құқықтық бағыттағы бейнероликтер тұрақты көрсетіліп, аудан аумағында 7 ақпараттық билборд орналастырылған. Тұрғындар арасында құқықтық жадынамалар, буклеттер мен ақпараттық парақшалар кеңінен таратылып, заң талаптарын сақтау мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Ұйғыр ауданында құқықтық профилактика тек ақпараттық жұмыстармен шектелмейді. Аудандық полиция бөлімі, Жастар ресурстық орталығы, Қоғамдық келісім және даму орталығы, Отбасын қолдау орталығы, білім бөлімі және өзге де мемлекеттік органдардың қатысуымен тұрақты түрде бірлескен рейдтер, кездесулер, акциялар және құқықтық кеңес беру шаралары ұйымдастырылуда. Елді мекендерде, саябақтарда, орталық алаңдарда және басқа да қоғамдық орындарда өткізілетін ашық форматтағы кездесулер барысында тұрғындарға интернет-алаяқтықтың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, жол қозғалысы қауіпсіздігі, есірткі қылмысының алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері кеңінен түсіндіріледі. Сонымен бірге аудан көлемінде қоғамдық өмірдің маңызды тоғыз бағыты бойынша ақпараттық-идеологиялық жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Атап айтқанда, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, меншікті қорғау, интернет-алаяқтық пен қаржылық пирамидаларға қарсы күрес, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, жол қауіпсіздігі, алкоголизмнің алдын алу, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерін түсіндіру және Жаңа Конституцияны насихаттау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде халыққа жеткізіліп келеді. Ұйғыр ауданында жүзеге асырылып жатқан бұл жұмыстардың барлығы заң үстемдігін нығайтуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқықтық мәдениеті жоғары азаматтық қоғам қалыптастыруға бағытталған. Алдағы уақытта да «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясындағы ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жалғасып, тұрғындарды кеңінен қамтитын кездесулер, акциялар, рейдтер, жарияланымдар мен әлеуметтік жобалар тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады. Бұл – қауіпсіз, әділетті әрі тұрақты қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі.

Ұйғыр аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сембекқызы Перизат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Информация о конкурсе присуждения Премий для НПО

В целях поддержки деятельности неправительственного сектора, с 2017 года Министерством вне…