Басты бет Ақпарат ағыны Қазақстанда жаңа Qonaev Media телеарнасы эфирге шықты

Қазақстанда жаңа Qonaev Media телеарнасы эфирге шықты

0
328

25 қыркүйекте жаңа Qonaev Media телеарнасы өз жұмысын бастады. Арна еліміздің барлық өңіріндегі көрермендерге Alma TV және Otau TV платформалары арқылы қолжетімді. Телеарна күн сайын 08:00-ден 00:00-ге дейін хабар таратады.

Qonaev Media өзін Алматы облысы мен жалпы Қазақстанның өміріне бағытталған заманауи медиаресурс ретінде таныстырады. Эфирде жаңалықтар, талдамалық бағдарламалар, ток-шоулар, сұхбаттар, деректі және ойын-сауық жобалар көрсетіледі. Әсіресе әлеуметтік бастамаларға, білім мен денсаулық сақтау саласының дамуына, бизнеске, мәдениетке, спорт пен экологияға ерекше назар аударылады.

Телеарна басшысы Қымбат Хангелдинаның айтуынша, Qonaev Media-ның іске қосылуы отандық телевизия үшін жаңа мүмкіндіктер ашады: «Біздің мақсатымыз – халыққа жақын болып, өңір мен елдің келбетін қалыптастыратын шынайы оқиғаларды көрсету. Көрермен эфирден тек ақпарат қана емес, шабыт алып, айналасында болып жатқан оқиғаларға өзін тікелей қатысушы ретінде сезінуін қалаймыз», – деді ол.

Qonaev Media өкілдерінің айтуынша, арна кең аудиторияға арналған контент әзірлеп, ақпараттылықты, қарқынды ырғақты және жеңіл жеткізу стилін үйлестіріп отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлы Абай өлкесіндегі ашық әңгіме: Ерлан Қарин Мемлекет басшысы неге Тәуелсіздік пен Егемендік сөздерін бас әріппен жазатынын түсіндірді

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық к…