Басты бет Ақпарат ағыны Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының кепілі

Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының кепілі

0
22

Елімізде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» идеологемасы қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, заңға құрметті арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Бұл жұмыстар Ұйғыр ауданында да жүйелі түрде жалғасуда. Аудан аумағында құқық қорғау органдары, ішкі саясат бөлімі, білім беру ұйымдары, Жастар ресурстық орталығы және басқа да мемлекеттік мекемелер бірлесіп, тұрғындар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Әсіресе жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Мектептер мен колледждерде кездесулер, дәрістер, ашық пікірталастар ұйымдастырылып, заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың салдары, интернет алаяқтықтан қорғану, есірткі қылмысының алдын алу және киберқауіпсіздік мәселелері жан-жақты түсіндірілуде. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың заңға деген құрметін қалыптастырып, азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар аудан көлемінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық рейдтер өткізіліп, қоғамдық орындарда тәртіптің сақталуына бақылау күшейтілуде. Бұл жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да кеңінен жүргізілуде. Заңнамалардағы өзгерістер, азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөніндегі материалдар тұрақты жарияланып, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Құқықтық мемлекет құру – әрбір азаматтың заң талаптарын құрметтеуінен басталады. Заңға бағыну – тек міндет емес, қоғам алдындағы жауапкершілік. Сондықтан әрбір тұрғын қоғамдық тәртіпті сақтап, заң талаптарын бұлжытпай орындауға үлес қосуы қажет. «Заң мен тәртіп» қағидаты – қауіпсіз, тұрақты әрі әділетті қоғамның берік негізі. Бұл бағыттағы жұмыстар Ұйғыр ауданында алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға қызмет ете береді.

Абдимусаева Балауса

Қоғамдық келісім және даму орталығының маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Информация о конкурсе присуждения Премий для НПО

В целях поддержки деятельности неправительственного сектора, с 2017 года Министерством вне…