Құрметті аудан тұрғындары!
2025 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысу үшін өтінімдер қабылданады.
Байқау отбасы құндылықтарын насихаттауға, отбасы институтын нығайтуға және қазақстандық отбасының оң бейнесін қалыптастыруға бағытталған.
Байқауға қатысуға отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.
Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін мүшелері бар, бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар байқауға қатыса алмайды.
Байқауға қатысуға өтінім қағаз және электрондық нұсқада аудандық (қалалық) комиссияға келесі құжаттар тапсырылады:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (болған жағдайда);
5) балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеудің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеудің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екі);
7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
8) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.
Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған үміткерлер байқауға қатысуға жіберілмейді.
Аудандық комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
Барлық мәліметті аудандық Ішкі саясат бөлімінен алуға болады.
Байланыс телефоны: 2-11-31