Басты бет Ақпарат ағыны Қонаев қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қонаев қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі

0
342

 Мемлекеттік аудитпен 2022-2023 жылдары жалпы сомасы 565459,0 мың теңге көлеміндегі қаржының құжаттары бақыланды.

Аудит бағдарламасына сәйкес, мемлекеттік мекемеге   қарасты кәсіпорындарға үстеме аудиті жүргізілінді.

Кәсіпорындар тарапынан 39-бабы 3-тармағы 3) тармақшасы (сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтарға ие тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды жөніндегі жұмыстарды сатып алу) негізінде «Тікелей шарт жасау арқылы бір көзден сатып алу» тәсілімен жүргізілген.

Кәсіпорын басшыларына Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің  207-бабының 11-бөлігі көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы  барлығы 3 хаттама толтырылынып, Кодекстің 810 және 811-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қысқарту негіздері мен тәртібімен әрқайсысына әкімшілік айыппұл 184600 теңгеден 553800 теңгеден төленді.

Кәсіпорынның 2021-2026 жылдарға жасалған даму жоспарының 2021 жылға даму жоспарының жыл сайынғы нақтылауы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 14 «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген қағидасы басшылыққа алынбай, мемлекеттік мекеменің «Арна ауылының клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тарапынан 2022 жылдық есебі табысталмаған.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V «Еңбек кодексі» 103 бабының 1 тармағына, 115 бабының 2 тармағының 3 тармақшасына сәйкес кәсіпорынның бұрынғы жұмыс істеп кеткен қызметкеріне жалақы есебінен жұмыскерге берілген жұмыс істелмеген авансты өтеуге барлығы аудит барысында 162027 теңгесі жергілікті бюджетке өндірілді.

Аудит барысында мекеме тарапынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» (кейінгі енгізілген толықтырулар мен өзгертулерімен) қаулысымен бекітілген Қағиданың 1 тарау 2 тармағының  талаптарына қайшы 193200 теңге негізсіз төленген жергілікті бюджетке өндірілді.

Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысы әкімінің «Заңғар-2024» жастар сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы “Заңғар-2024”жастар сыйлығ…