«Талғар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі( бұдан әрі «Мекеме») мен «Қолғанат Құрылыс» ЖШС арасындағы 2020 жылдың 01 қазанындағы №21 келісімімен 655 591,14 мың теңгеге Бесағаш ауылының мәдениет үйіне қүрделі құрылыстық жұмыстары жүргізіліп, 2022 жылдың 31 желтоқсанында аяқталуы көзделген.
2023 жылдың 05 қаңтарында объектіні пайдалануға жұмыс тобы құрамында қабылдау актісі жасалған.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің және «Ордаинжиринг»ЖШС-інің хатымен жолданған сот эксперттері тарапынан жүргізілген қарап, тексеруді жүргізу нәтижесінде құны 655,6 мың теңгеге бағаланған күрделі жөндеу жұмыстарының орындалмағаны 15.12.2023 жылы анықталды.
Сондықтан, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43-бабы, 24-тармағына және 01.10.2023-ғы №21 шарттың 8.2 тармағы негізінде 349 (үш жүз қырық тоғыз) күнге кешіктіріліп, аяқталуына байланысты 65 559,11 теңгенің тұрақсыздық айыбы есептеліп, «Мердігер» тарапынан өндіруге жатады.
Сондай-ақ, Алматы облысының ауданаралық арнайы экономикалық сотының 10.04.2023 жылғы №1912-23-00-2/364 Шешімімен 01.01.2023 жылға баланстық есепте көрсетілмеген 16 073,9 мың теңгенің кредиторлық берешегі «Қолғанат Құрылыс» ЖШС-іне аударылғандықтан, ҚР Әкімшілік бұзушылық Кодекстің 238 бабтың 1 тармақ, 3 тармақшасына сәйкес Мекеменің бухгалтеріне әкімшіліктік хаттама толтырылып, айып пұл салынды және 16 073,9 мың теңгенің кредиторлық берешек ретінде есепке қою проводкасы берілді.
Ішкі мемлекеттік аудит объектісінің 19.04.2024 жылғы №18 хатымен құны 655,6 мың теңгенің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғаны туралы №2 нысандағы актісі және фотолары Департаментке тапсырылды.
Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті