Басты бет Ақпарат ағыны Республика күніне орай велоспорт жарысы өтеді

Республика күніне орай велоспорт жарысы өтеді

0
31

Құрметті аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері және аудан қонақтары! Сіздерді 25 қазан – Республика күніне орай ұйымдастырылатын велоспорт жарысына қатысуға шақырамыз!

Өтетін күні: 2026 жылғы 22 қазан
Өтетін орны: Шонжы ауылының Орталық алаңы
Қатысушыларды тіркеу: сағат 09:30
Жарыстың басталуы: сағат 10:00
Қашықтығы: 13 шақырым.

Жарысқа 18 жастан асқан аудан тұрғындары мен мекеме қызметкерлері қатыса алады. Қатысушылардың өз велосипеді болуы міндетті.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Аталған спорттық іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және аудан тұрғындарының спорттық белсенділігін арттыру.

Баршаңызды мерекелік велоспорт жарысына белсенді қатысуға шақырамыз!

Бірге қозғалайық, бірге жеңіске жетейік!

Республика күні құтты болсын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Кітап сыйлау – рухани құндылықты бөлісу!

25 қазан – Республика күніне орай Кіші Дихан ауылдық кітапханасында «Саған кітап арнадым» …