Қасіретті қаңтар оқиғасы барлығымыз үшін де оңайға соққан жоқ. Біз тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде бейбіт аспанның астында асыр салып, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған жаймашуақ заманда еркін ғұмыр кештік. Сондықтан да болар оқ жаңбырша жауып, жарылғыштар жарылып, бейбіт тұрғындар қаза тауып, елін қорғауға шыққан жас сарбаздар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері мерт болғанда, жазықсыз жандар жараланып, бақытты жанұялар зар еңіреп, бойымызды үрей билегенде тыныштық дейтін құндылықтың қадіріне жеткенмізі.
Дәл осы қасіретті күндер орын алғанда еліне ие болып, тәуелсіздігімізді сақтап қалуға жанын салған, ұйқы ме күлкіден айырылып, халқын сабырлыққа шақырған әділ Президентіміздің бар екендігіне шынайы қуандым. Қасым-Жомарт Кемелұлы қаңтардың қайғылы күндерінен кейін халыққа мәжілісте мәлімдемесін жасап, елдің саясаты мен экономикасындағы бірқатар нақты шешімдерін қабылдады. Халқының үміті мен үлкен сенмін арқалаған ел Президенті осы қадамынан кейін тұңғыш рет отандық БАҚ өкіліне, яғни «Хабар» телеарнасына өзінің сұхбатын берді. «Азаматтардың құқығы тапталмайды» деген атау алған бұл сұхбатта дәл осы қаңтар айындағы қасіретті оқиғадан кейінгі ел ішінде желдей ескен түрлі сыни пікірлер мен ағылып жатқан ақпараттарға нақты жауап ретінде берілді десек артық болмайды. Еліміздің Президенті ретінде осындай қиын кезеңдерде елдің алдына шығып, тілшілер арқылы жеткзілген халықтың көкейінде жүрген күдікті ойлар мен санадағы сан түрлі сауалдарына тиісті әрі шынайы жауабын беріп, ашық әрі әділ шешімдерін айту нағыз елдің тізгіні сеніп тапсырылатын тұлғаның халықпен орнатқан кері байланысы деп айта аламын.
Президентіміздің осы сұхбатындағы елдің тағдыры жар басына келіп құлауға шақ қалғанда қабылдаған батыл әрі нақты шешімдеріне батыс пен АҚШ тың айтып жатқан сыни пікірлері мен кертартпа айыптарына байланысты қойылған сұраққа, «Мұның салдары қандай болатынын білдім. Бірақ мен үшін мемлекеттің мүддесі, азаматтарымыздың қауіпсіздігі бәрінен де маңызды еді. Мен ол кезде Батыстың не дейтіні туралы емес, елімізде тәртіп орнатуды ғана ойладым.» деген жауабы жанымды толқытты. Халықтың тұрақтылығы мен еліміздің тұтастығы және тәу етер тәуелсіздігімізді жанынан артық қоя алатын патшамыздың бар екендігіне көзім жетіп, іштей қуандым. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгерлік күштерін елге шақыру, ақпарттық шабуылдан сақтану үшін ғаламторға қолжетімділікті шектеу, жалпы елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін жасалған барлық қадамдар турасындағы түйткілді сауалдарға тұшымды жауаптарын берді Президентіміз. Тарихи қала Алматымыздың тағдыры мен еліміздің ертеңі туралы айтқан орынды ойлары мен нақты жоспарлары елдің алаң көңілін орнына түсіріп, күйбең тіршілікті күнделікті күйіне әкелді. Елі сеніп, арқа сүйейтін ақ патшасы бар екендігіне тағы бір көзіміз жетті. Ендігі ел аман жұрт тыныш болғай!
Абдилова Бибігүл Байжұмақызы,
аудандық маслихат депутаты