Басты бет Ақпарат ағыны Президентке қолдау көрсетуіміз керек

Президентке қолдау көрсетуіміз керек

0
1,378

Мемлекеттік төңкерістен соң бәріміздің есіміз ауып, көңілімізге күдік кіріп, алаңдап қалғанымыз рас. Шүкір бәрі тынышталды. Ендігі мақсат бүлінген дүниелерді қалпына келтіріп, халықтың наразылығына құлақ түріп, жүйеге біраз өзгерістер енгізу. Ешкім де дәл осындай күйге түсеміз деп ойламадық. Ет қызуымен біраз жастарымыздың арандап қалғаны да рас. Өкінішті әрине. Дей тұрғанмен Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиялық тәжірибесінің арқасында, білімі мен біліктілігі, саясаттағы ұзақ жылғы еңбегінің арқасында бейбіт өмірге қайта келдік. Енді мемлекет басшысынга айтылар сын пікірлер мен қойылатын сұрақтардың көбейетіні де ақиқат.

Осыған орай күні кеше ғана мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» телеарнасының тілшісіне сұхбат берді. Әрине журналистің сұрағы көбіміздің көкейімізде жүрген сұрақтар еді. Адам өліміне апарған қанды оқиғаның алдын алу үшін ақпараттық жағынан кешеуілдеп қалғанына өкінішін білдірген Президентіміз дәл осындай арандатушылыққа бірден қару қолданбауының себебін де түсіндірді. Барлық жауапкершілікті өз мойнына алғандығын да жасырмады. Сырттан көмекке келген әскери күштердің ешқандай оқ атпай, тек стратегиялық маңызды ғимараттарды қорғауға атсалысқандығын тағы да таптап түсіндірді. Әртүрлі алыпқашпа сөздердің жетегінде жүргендерге нақты дәйектер мен деректермен мысал келтірді. Кадр мәселесіне де ұтымды жауап қайтарды деп ойлаймын. Барлық мамандарды бірден ысырып тастауға мүлдем болмайды. Қабілеті мен білімдеріне сай көзкөрген кадрлар қалатындығын да жасырмады. Алматы қаласының әкіміне қатысты да жауабы дұрыс деп ойлаймын. Ел басқару үлкен жауапкершілікті талап етеді. Жалпы халық болып оған көмектесуіміз керек. Наразылық неден басталды деген сұраққа дұрыс жауап қайтарылған күні тіршілігіміз, бейбіт өміріміз жандана түсетіндігіне сенімім мол. Жаңарған Қазақстанның дамуына бәріміз атсалысайық.

Мұхтар САМАЛБЕК,

Сүмбе

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ СУ ТАСҚЫНЫ САЛДАРЫНАН ҚАЛЫПТАСҚАН АУЫР ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҮНДЕУІ

Құрметті отандастар! Бүгін мен еліміздің азаматтарына арнайы үндеуімді жолдап отырмын. Бар…