Басты бет Ақпарат ағыны «Саған кітап арнадым» акциясы – рухани құндылықтар жолында

«Саған кітап арнадым» акциясы – рухани құндылықтар жолында

0
17

25 қазан – Республика күніне орай әл-Фараби атындағы аудандық кітапханада «Саған кітап арнадым» акциясы ұйымдастырылды.

Кітап – рухани қазына, ал кітап сыйлау – ізгілік пен білімге деген құрметтің белгісі. Ұлттық мереке аясында өткізілген бұл бастама елдің рухани байлығын дәріптеуге, кітап оқу мәдениетін насихаттауға және әдеби мұраға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.

Акция аясында әл-Фараби атындағы аудандық кітапхананың директоры Тұрсынова Аида Джапарқызы Сапарғалиева Сая Құрманғалиқызының «Рух тіліндегі жыр» атты кітабын сыйға тартты.

Республика күні – еліміздің мемлекеттілігі мен егемендігін айшықтайтын маңызды мереке. Осы айтулы күнге орай кітап сыйлау арқылы рухани құндылықтарды ұлықтау, отандық әдебиетті насихаттау және оқырман қауымның кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырудың маңызы зор.

Кітап – адамға ой салатын, дүниетанымын кеңейтетін, рухани әлемін байытатын асыл қазына. Ал кітап сыйлау арқылы біз білім мен ізгілікті бөлісіп, әдебиетке деген құрметті нығайтып, рухани сабақтастықты жалғастырамыз.

Осындай игі бастамалар Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралардың мазмұнын байытып, қоғамдағы кітап оқу мәдениетінің дамуына үлес қоса берсін!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Республика күні – елдігіміздің еңселі мерекесі

25 қазан – Республика күні еліміздің тарихындағы айрықша маңызға ие ұлттық мереке. Бұл күн…