Басты бет Ақпарат ағыны ХАЛЫҚ СЕНІМІ – ПОЛИЦИЯ КҮШІ

ХАЛЫҚ СЕНІМІ – ПОЛИЦИЯ КҮШІ

0
4,952

Қоғамдағы бейбітшілік пен тәртіптің сақталуын, азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін полиция қызметкерлерінің еңбегі қай кезде болмасын ерекше. 1992 жылы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» заң қабылдады. Ал 2007 жылы 5 маусым күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз Жарлығымен 23 маусымды – полиция күні деп бекітті. Содан бері осынау айтулы дата аталып өтілуде.


 

Биылғы жыл өзінің ерекшелігімен есте қалмақ. Оған себеп ең алдымен әлем назарын аударған ЭКСПО-2017 көрмесінің елордамыз Астана қаласында өтуі, ҚР қорғаныс істерінің және елдігіміз бен теңдігімізді көрсететін рәміздеріміздің – 25 жылдығы болып отыр. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы полициясының құрылғанына да – 25 жыл. Осыған орай аудандық мәдениет үйінде өткен «Халық сенімі – полиция күші» атты салтанатты іс-шара көптің көңілінен орын тапты. Сахна мерекеге сай безендіріліп, түрлі шарлармен көмкерілген.Тыныштығымыздың сақшылары болған аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерін мерекелерімен құттықтау үшін аудан әкімі Алимжан Тохтасунов мінберге көтеріліп, еңбектерін ерекше бағалап, жұмыстарына алғысын білдіріп, аудан әкімдігінің және «Нұр Отан» партиясының атынан марапаттарын табыс етті. Шындығында полиция қызметкерлері алғыс пен марапатқа лайықты жандар. Олар антына адал болып, рух беріктігі мен жауапкершілігін арқалап, күндіз де, түнде де, күннің ыстығы мен суығында да тұрғындардың құқығы мен тыныштығын сақтауда қалтқысыз қызмет етіп келеді. Әріптестерін мерекелерімен құттықтап, Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі және облыстық ішкі істер департаменті басшыларының атынан марапаттарын табыс еткен аудандық ІІБ-нің басшысы Рамиль Гимадиев бірнеше қызметкерге 25 жылдық төсбелгілерін, шендерін, сый-сияпаттарын тапсырды. Тәртіп сақшыларының жұмысы уақытқа бағынбайтындығы анық. Төнген қауіпті, қоғамдағы түрлі құқық бұзушылықтарды дер кезінде ауыздықтауда алдарына жан салмайды. Кейінгі ізбасарларына үлгі көрсетіп, өнегесін берген, тәлімін сіңірген, полиция қызметінің қыр-сырымен үйреткен аудандық ішкі істер органдарының ардагерлері де
салтанатты кештің құрметті қонағы болды. Бұрынғы аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы қызметінде болған Болат Оңғаровқа әріптестері қазақы дәстүрмен шапан жауып, құрмет көрсетті. Ал аудандық ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұндаш Шаймарданов та жүрекжарды лебізін білдіріп, ақ тілегін жаудырды. Ыстық ықыластардан кейін салтанатты шара аудандық ішкі істер қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Бұл ретте тек Отан қорғау, қоғамдық тәртіпті қадағалау жолында ғана емес, өнерге жанашыр жандар екендіктерін де көрсетті. Бірі әуелетіп ән орындаса, екіншісі мың бұрала би билеп көрермендерді қошеметтеріне бөледі.
Тарихымызда мақтан тұтар, бүгініміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырларынан биік қойған полиция қызметкерлерінің Отан алдындағы адал қызметі келер ұрпаққа өнеге. Ендеше полиция қызметкерлерінің мерекесіне құтты болсын айтып, әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атаққа лайықты бола беріңіздер демекпіз.

Думан
САРТБАЕВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында ауыл тұрғындары мобильді қоғамдық қабылдаудың көмегіне жүгінді

        «AMANAT» партиясының мобильді қабылдау тобының ауылдарға сапары жалғасып жатыр    …