Басты бет Спорт ЖҮЙРІКТЕН ЖҮЙРІК ОЗАР…

ЖҮЙРІКТЕН ЖҮЙРІК ОЗАР…

0
1,297

Қазақстан Республикасы полициясы күніне орай шағын футболдан аудандық мекеме қызметкерлерінің қатысуымен жарыс өтті. Жарысқа барлығы 6 команда қатысып, жеңіс тұғырынан көріну үшін бойларындағы күш-жігерлерін аямады.
Сайыс басталмас бұрын аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Рамиль Гимадиев ойыншыларға сәттілік тілеп, әріптестерін мерекелерімен құттықтады. Жақсы тілектен кейін тартысты дода жалғасын тауып, ойыншылар өз командалары мен мекемелерінің намысын қорғауға барынша тырысып бақты. Алғашқы кезеңдерде бір-бірлеріне дес бермеген алты команда одан кейінгі кезеңдерде сайыс алаңымен қоштасып жатты. Бап шаба ма, бақ шаба ма дегендей ала допты қақпаға көбірек соғып, өздерін нағыз футбол ойынының шебері екендіктерін дәлелдеген аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің командасы біріншілікті қанжығаларына байлап, 15 мың теңге қаржылай сыйлықты иеленді. Ал бірінші орынға санаулы ұпай саны жетпей, екінші орынға табан тіреген халыққа қызмет көрсету орталығының командасы 10 мың теңге қаржылай сыйлыққа қол жеткізді. Аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінен құралған команда өздерінің мерекесінде жеңіске қол созбай, достықты жеңіске балап, қарсыластарына жол беріп, үшінші орынды және 5 мың теңге қаржылай сыйлықты иеленді. Сонымен қатар ойын барысында «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы» деген номинацияларды иеленгендер де марапатталды. Оларға да ішкі істер бөлімінің атынан сыйлықтар табыс етілді.

Думан
ТОЙҒАЗЫҰЛЫ 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АТ ҮСТІНДЕ АТОЙЛАҒАН ЖІГІТТЕР

Ұлттық спорт дегеніміз – жауынгерлік жаттығу. Бұған көкпар, аударыспақ, теңге ілу, садақ а…