Басты бет Ақпарат ағыны Алматы облысында 85 ауылға талшықты-оптикалық байланыс тартылады

Алматы облысында 85 ауылға талшықты-оптикалық байланыс тартылады

0
24

Алматы облысы республика бойынша алғашқы өңірлердің бірі ретінде Qonaev AI жасанды интеллект жүйесін іске қосты. Аталған жүйе облыстық басқармалардың деректерін біріктіріп, талдау жүргізуге және басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл жайында облыстық цифрлық технологиялар басқармасының бөлім басшысы Димаш Шапатай баспасөз мәслихатында айтты.

Қазіргі уақытта жасанды интеллект облыстық басқармалардың деректері негізінде оқытылуда. Алдағы кезеңде бұл жүйе облыс көлеміндегі деректерді орталықтандыру арқылы одан әрі жетілдіріледі. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол қозғалысын бақылау мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында орнатылған 9416 бейнебақылау камерасы жасанды интеллект технологияларымен жабдықталған.
Бұл жүйелердің ішінде тұлғаларды тану және автоматты талдау сияқты заманауи функциялар қарастырылған.
Спикердің айтуынша, азаматтардың өтініштері негізінде Облыстық цифрлық технологиялар басқармасына байланыс пен интернет сапасына жоспардан тыс тексерістер жүргізу құзыреті берілді. Осы бағытта басқарма «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК мамандарымен бірлесіп, өңір аумағындағы байланыс қызметтерінің сапасын өлшеу жұмыстарын жүргізуде.
Бүгінде «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2027 жылдың соңына дейін Алматы облысының 85 ауылына талшықты-оптикалық байланыс желілерін жеткізу жоспарланған.
Сонымен қатар, бұған дейін ТОБЖ тартылған 76 ауылды жоғары жылдамдықты сымды интернетпен қамтамасыз ету көзделіп отыр.
Жобалар толық іске асқаннан кейін облыстың барлық елді мекендері кеңжолақты интернетке қол жеткізетін болады.

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «Freedom Telecom» ЖШС облыс аумағындағы бейнебақылау жүйелерін талшықты-оптикалық желімен қамтамасыз етті. Осы инфрақұрылым негізінде 2026 жылдың наурыз айында Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылындағы халық көп шоғырланатын орындарға 75 тегін Wi-Fi нүктесі орнатылды»,-деді бөлім басшысы Димаш Шапатай.
Аталған компания осындай жобаны Ұйғыр ауданының орталығы Шонжы ауылында да жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Туристік нысандарда мобильді байланыс сапасы жақсарады. Өңірдің туристік әлеуетін арттыру үшін «КаР-Тел» ЖШС (Beeline бренді) тапсырысы бойынша Қонаев қаласы маңындағы «Көшпенділер қаласы» тарихи-туристік кешенінде 4G стандартындағы базалық станция орнату жұмыстары жүргізілуде. Нысанды іске қосу және келушілерді жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамтамасыз ету ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін жоспарланған.
Айта кетейік, Ұлттық жоба аясында облыс аумағында 17 антенна-діңгек құрылысын салу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарындағы байланыс жоқ немесе әлсіз аймақтарды («ақ дақтарды») кезең-кезеңімен жоюға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ІЛЕДЕ ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ: ИДЕЯЛАР ТОҒЫСҚАН, МҮМКІНДІКТЕР АЙҚЫНДАЛҒАН АЛАҢ

Алматы облысы Іле ауданында «Әйел & Бизнес: Жаңа дәуір» атты әйелдер форумы өтіп, қоға…