Басты бет Ақпарат ағыны БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАР…

БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАР…

0
59

          М.Таипов атындағы орта мектебінің мәжіліс залында әсерлі кездесу болды. Осы ауылда туып, өсіп, бүгінде білім шыңын бағындырып жүрген Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің “Бизнес технологиялар” кафедрасының PhD қауымдастырылған профессоры Гүлзада Миналқызы Кіші Диқан ауылының биылғы үлкен сынақ – Ұлттық Бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) үздік нәтиже көрсеткен оқушыларына марқұм әкесі Мұхамедиұлы Миналдың атынан 150 мың көлеміндегі сыйақы тағайындап келген екен.

Кездесу тізгінін қолына алған М.Таипов атындағы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Төреханова биылғы оқу жылын табысты аяқтап, мектепішілік, аудандық, облыстық олимпиадаларда жеңімпаз болған түлектердің ата-аналарына алғысын айтты. Бүгінгі кездесудің себепкері, өздерінің үздік оқушыларының бірі Гүлзада Мұхамедиева жоғары көрсеткішке қол жеткізген 2 түлекке сыйақы тағайындап келгендігінен хабардар етті. Ауылдық клубтың меңгерушісі Мунира Мейдинова да жақсылығын арқалап келген ауылдасының қайрымдылық ісіне ризашылығын жеткізіп, барша ауыл тұрғындарының атынан алғысын айтты. Ауылдың әйелдер кеңесінің төрағасы Селимәм Сонурова да ауылдағы жағымды жаңалықтардың көп болуын тілеп, Гүлзадаға сәттіліктер жар болсын деген ізгі ниетін жеткізді. Гүлзаданың анасы Салтанат Жеделахунова да ауылдың білімді балалары көбейіп, біліммен ауылдың атын шығарыңдар, деген аналық ақжарма тілегін ақтарды.

Мектептің үздік оқушылары Әнел Қайранбекова мен Гулхумар Радлиноваға 75000 теңгеден сыйақы ұсынған Гүлзада Миналқызы: “Білімге деген бәсеке бар жерде өсу бар. Беріліп отырған кішкентай болса да сыйақы осы бәсекелестікті туындатып, білімге деген ынтасын арттырса, ауылымыздың мәртебесі артар еді. Бұл жеңіс тек оқушының ғана емес, білім саласында жұмыс атқарып отырған ұстаздардың да жемісті жеңісі болмақ. Бұл сыйақы білім мен еңбекті жоғары бағалаған, марқұм әкем Мухамедиұлы Миналдың жарқын рухына тағзым ретінде тағайындалды. Білім жолына сәтті сапар тілеймін” деп екі түлектің мәртебесін асқақтатты.

Осындай игі шараларға ұйытқы болатын білімді азаматтардың көп болуын тіледік іштей. Билікке, басшылыққа иек артып қоймай, кейде жекелеген азаматтардың бастамасымен жүзеге асырылып жататын осындай істердің нәтижесі оңынан болып, жастардың білімге деген құлшыныстарына түрткі болатыны рас. Гүлзаданың бастамасы сабақтасса деген ниетпен оралдық.

Бейбітгүл ЖҰМАДІЛОВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҰЙҒЫР АУДАНЫНДА ТҮНГІ РЕЙД жүргізілді

Ұйғыр ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғ…