IMG_1238
Таңғы уақыт. Жаңа күн – жаңа міндеттер. Мемлекеттік қызметші үшін әр күн – ел игілігіне қызмет етудің, өз саласына жауапкершілікпен қараудың тағы бір мүмкіндігі.
Ұйғыр ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ырыскелді Ардақтың жұмыс күні жауапкершілік пен тиянақтылықтан басталады.
Жұмыс күні барысында ауыл шаруашылығы саласына қатысты мәселелер сараланып, белгіленген міндеттер мен тапсырмалардың орындалу барысы қарастырылады. Ауданның аграрлық саласының тұрақты дамуы, шаруалардың мәселелерін зерделеу және мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру – күнделікті қызметтің маңызды бағыттарының бірі. Әрбір өтініш пен ұсыныс назардан тыс қалмайды. Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының маңызды саласы. Сондықтан саладағы әрбір мәселені дер кезінде зерделеп, тиісті шешім қабылдауға ықпал ету – мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеттерінің бірі.
Күнделікті жұмыс барысында құжаттармен жүйелі жұмыс жүргізіліп, ақпараттар жинақталып, тапсырмалардың орындалуы бақылауда болады. Уақытылы әрі сапалы нәтиже – басты қағида. Әріптестермен бірлесе жұмыс істеу, ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді талдау және белгіленген міндеттерді сапалы орындау – ортақ нәтижеге бастайды. Күн соңында атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы міндеттер нақтыланады.
Мемлекеттік қызметші болу – бұл жай ғана жұмыс емес.
Бұл – үлкен жауапкершілік.
Бұл – халық сенімі.
Бұл – елге адал қызмет ету.
#АдалАзамат
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіру көлемі артып келеді
Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК) электр энергиясын өндіру жүйелі түрде да… -
Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе өсті
Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК) электр энергиясын өндіру жүйелі түрде да… -
Электр энергиясын өндірудегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 14,5%-ға жетті
Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК) электр энергиясын өндіру жүйелі т…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіру көлемі артып келеді
Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК) электр энергиясын өндіру жүйелі түрде да…
