Басты бет Ақпарат ағыны Ұйғыр ауданында Құрылтай сайлауына ақпараттық дайындық жүйелі түрде жүргізілуде

Ұйғыр ауданында Құрылтай сайлауына ақпараттық дайындық жүйелі түрде жүргізілуде

0
28

Ұйғыр ауданында Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп, тұрғындарды ақпараттандыру мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуде. Сайлау науқанының ашықтығын қамтамасыз ету, халыққа қажетті ақпаратты уақтылы жеткізу және ақпараттық жұмыстарды үйлестіру мақсатында  аудандық штаб құрылды. Штабтың негізгі міндеттерінің бірі – сайлау науқаны кезеңінде атқарылатын ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүйелілігін қамтамасыз ету, жауапты мемлекеттік органдар мен мекемелердің өзара іс-қимылын үйлестіру және бекітілген іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау.  Ақпараттық сүйемелдеу бекітілген медиа-жоспарға сәйкес күнделікті негізде жүзеге асырылуда. Аудан аумағында сайлау тақырыбындағы көрнекі ақпараттарды орналастыру жұмыстары да жүйелі жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда 30 ақпараттық тақтаға, 25 билбордқа және Шонжы ауылдық округіндегі 2 LED экранға тиісті ақпараттық материалдар орналастырылды. Сонымен бірге аудан тұрғындарына ақпаратты әртүрлі арналар арқылы жеткізуге басымдық берілуде. Атап айтқанда, аудандық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жарияланып, аудандық «Қарадала тынысы» газетінің ресми сайтында ақпараттық жарияланымдар орналастырылуда. Әлеуметтік желілерде де сайлау тақырыбындағы ақпараттық материалдар тұрақты түрде таратылуда. Ақпараттық жұмыстың маңызды бағыты – халыққа түсінікті әрі қолжетімді контент қалыптастыру. Осы мақсатта инфлюенсерлердің қатысуымен ақпараттық посттар, танымал тұлғалардың бейнеүндеулері, креативті бейнероликтер мен қысқа форматтағы ақпараттық материалдар әзірленіп, әлеуметтік желілер арқылы таралуда. Сондай-ақ ақпараттық материалдарды халық көп шоғырланатын орындарға жеткізуге баса назар аударылған. Бүгінде демалыс орындарында, сауда нысандарында, банк ғимараттарында, жанармай бекеттерінде, қоғамдық көліктерде және өзге де орындарда сайлау тақырыбындағы ақпараттық аудиолар орналастырылуда. Жалпы, аудандық штаб тарапынан жүргізіліп отырған жұмыстардың негізгі мақсаты – сайлау науқаны туралы ақпаратты тұрғындарға уақытылы, түсінікті және қолжетімді түрде жеткізу. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес әрі қарай да жалғасын табады.

Ұйғыр аудандық Қоғамдық келісім және  даму орталығының жетекші сарапшысы Балауса Маратқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұйғыр ауданы: ел болашағына бағытталған маңызды таңдау

Ұйғыр ауданының тамыздағы тыныс-тіршілігінен алдағы маңызды саяси науқанның лебі анық сезі…