Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамда зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында 4 Абай атындағы мектеп гимназияның оқушылармен кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110 және 115-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылады.
ҚР ҚК 110-бабы – «Қинау».
Аталған бапта жәбірленушіге тән немесе психикалық азап келтіру мақсатында жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылық көзделген.
ҚР ҚК 115-бабы – «Қорқыту».
Аталған бапта адам өлтірумен, денсаулыққа ауыр зиян келтірумен немесе өзге де ауыр күш қолданумен, сондай-ақ мүлікті жоюмен қорқыту үшін, егер бұл қорқытуды жүзеге асырады деп қауіптенуге жеткілікті негіздер болса, қылмыстық жауаптылық көзделген.
Отбасында және қоғамдық орындарда агрессияға, қатыгездікке, қорқыту мен зорлық-зомбылыққа жол бермеңіздер.
Естеріңізде болсын:
• Зорлық-зомбылықтың кез келген түрі заң алдында жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.
