«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында аудандық Жастар ресурстық орталығының мамандары сенбілік жұмыстарына белсенді қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған жерге деген жанашырлық сезімін арттыру.
Тазалық – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Туған жеріміздің көркеюіне өз үлесімізді қосып, таза әрі жайлы орта қалыптастыруға бірге атсалысайық! 🌱
