Басты бет Ақпарат ағыны «Ақберен» байқауының аудандық кезеңі қорытындыланды

«Ақберен» байқауының аудандық кезеңі қорытындыланды

0
34

Ұйғыр ауданында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Ақберен» республикалық өнер байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау, ұлттық өнерді дәріптеу, шешендік өнер мен әдеби ойлау мәдениетін дамыту, жас таланттарды анықтау.

Байқау бірнеше бағыт бойынша ұйымдастырылып, қатысушылар өз өнерлері мен білімдерін ортаға салды. Нәтижесінде жүлделі орындарға ие болған оқушылар анықталды.

«Шешендік өнер және сөз сайысы» бағыты бойынша:
І орын – Н. Исахметов атындағы орта мектеп оқушысы Азаматқызы І.;
ІІ орын – Сұңқар орта мектебінің оқушысы Шамшидинова Ш.;
ІІІ орын – Ақтам орта мектебінің оқушысы Жұман Е. және Сүмбе орта мектебінің оқушысы Еркінқызы А.

«Көркемсөз оқу өнері» бағыты бойынша:
І орын – Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектеп оқушысы Асқарбек А.;
ІІ орын – Жалилов атындағы орта мектеп оқушысы Қамза Н. және И. Искандеров атындағы орта мектеп оқушысы Ақанбай К.;
ІІІ орын – Н. Исахметов атындағы орта мектеп оқушысы Оқан К., Сүмбе орта мектебінің оқушысы Толымбек Е. және Қырғызсай орта мектебінің оқушысы Медетқызы І.

«Эссе және әдеби ойлау» бағыты бойынша:
І орын – Абай атындағы орта мектеп оқушысы Рахимжан М.;
ІІ орын – Шошанай орта мектебінің оқушысы Бейбіт А. және Тиірмен ұйғыр орта мектебінің оқушысы Моряков С.;
ІІІ орын – Д. Қонаев атындағы орта мектеп оқушысы Болат М., И. Молотов атындағы орта мектеп оқушысы Айсажанова Ф. және Қырғызсай орта мектебінің оқушысы Досымбек І.

«Ұлттық аспапта орындау» бағыты бойынша:
І орын – Сүмбе орта мектебінің оқушысы Еркінұлы Б.;
ІІ орын – Абай атындағы орта мектептің оқушысы Ахметжанұлы Ш.;
ІІІ орын – Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектептің оқушысы Мұхамжан Ж.

«Ақындар айтысы» бағыты бойынша:
І орын – Тасқарасу орта мектебінің оқушысы Әубәкір Ақжол.

«Ақындар мүшәйрасы» бағыты бойынша:
І орын – Сүмбе орта мектебінің оқушысы Талғатқызы Т.;
ІІ орын – М. Жалилов атындағы орта мектептің оқушысы Жұмаділ Қ.;
ІІІ орын – Ақтам орта мектебінің оқушысы Мұратбек Е.

«Ақберен» байқауы оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттырып, ұлттық өнер мен әдеби мұраны құрметтеуге, дарынды жастардың қабілетін танытуға мүмкіндік береді.

Байқаудың аудандық кезеңінде жеңімпаз атанған барлық оқушыларды құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, шығармашылық табыстарға жете беріңіздер!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ – АБЫРОЙЛЫ МАМАНДЫҚ!

Алматы облысы ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының нұсқауын орындау мақсатында, …