Ұйғыр ауданының Кіші Дихан ауылында ушу-саньдадан Алматы облысының чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің алты спортшысы бақ сынап, барлығы жүлделі орындарға ие болды.
Жарыс қорытындысы бойынша:
- І орын – Шайлық Алияр;
- ІІ орын – Махаметов Даниль, Махаметжанов Шахин;
- ІІІ орын – Берикжан Альджалиль, Хожахмет Равиль, Импахунов Шахнияз.
Жас спортшылардың бұл жетістігі – табанды дайындық пен қажырлы еңбектің нәтижесі. Спортшыларды жарысқа бапкер Бишаров Шайрдин дайындады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ олардың бапкерін құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, аудан абыройын асқақтата берулеріне тілектеспіз!

