Ұйғыр аудандық мәдениет үйінде дәстүрлі әнші, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Жақсылық Мырқаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Әнмен өрілген ғұмыр» атты дәстүрлі ән орындаушылар байқауы өтті.
Рухани мәні зор өнер додасына әр өңірден келген өнерпаздар қатысып, қазақтың дәстүрлі ән өнерін насихаттап, ұлттық музыкалық мұраны ұлықтады. Қатысушылар өз орындаушылық шеберліктерін көрсетіп, көрерменге әсем ән мен тағылымды өнердің ерекше әсерін сыйлады.
Іс-шараның басты мақсаты – дәстүрлі ән өнерін дәріптеу, ұлттық мәдени мұраны сақтау, жас таланттардың шығармашылығына қолдау көрсету және өнерсүйер қауымның рухани құндылықтарын байыту.
«Әнмен өрілген ғұмыр» байқауы ұлттық өнердің сабақтастығын нығайтып, дәстүрлі әннің қадір-қасиетін кейінгі ұрпаққа жеткізуге бағытталған маңызды мәдени шаралардың бірі болды.

