Басты бет Ақпарат ағыны Премьер-министр Алматы облысындағы бірқатар кәсіпорындарды аралады және тартылған инвестициялардың көлемімен танысты

Премьер-министр Алматы облысындағы бірқатар кәсіпорындарды аралады және тартылған инвестициялардың көлемімен танысты

0
61
 📍 Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапары барысында Президент белгілеген экономиканы әртараптандыру, өнеркәсіп өндірісі көлемін ұлғайту, терең өңдеу үлесін арттыру және экономиканың басым салаларына инвестициялар тарту жөніндегі мақсаттарға сай келетін бірқатар инвестициялық және өнеркәсіптік жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты.

💬 Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірге 1,3 трлн теңге инвестиция тартылғанын, бір жылдағы өсім 29,4% болғанын баяндады. Экономиканың барлық салаларында 72 541 жұмыс орны құрылған, оның ішінде 58 528-і тұрақты жұмыс орны. Алматы облысы еліміздің негізгі индустриялық-логистикалық орталықтарының бірі ретінде өз ұстанымын дәйекті түрде нығайтып келеді. Мұнда көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту өңірдің өңдеуші секторының өсуін ынталандыруда маңызды рөл атқарады.

Сапар аясында Премьер-министр Қарасай ауданының Көкөзек ауылында орналасқан, шикізаттық емес секторды дамытумен айналысатын «Imagine Apple Logistics» ЖШС-нің логистикалық орталығын аралады. Жоба қойма, көлік және басқару процестерін біріктіруге, дистрибуциялық ағындарды шоғырландыруға, сондай-ақ, ішкі және аймақаралық нарықтар үшін тұрақты жеткізу тізбегін қалыптастыруға бағытталған. Оның аясында 50 млрд теңгеден астам инвестиция тарту және 1 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу, сондай-ақ іргелес жол және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту қарастырылып отыр. Танысып шыққан соң Олжас Бектенов аталған логистикалық орталықты кеңейтуге және дамытуға жәрдемдесуді тапсырды.

📦 Өңірде логистикалық жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде соңғы үш жылда қойма үй-жайларының жиынтық ауданы 17,5 есеге, яғни, 8,8 мың шаршы метрден 153,9 мың шаршы метрге дейін ұлғайды.

Сондай-ақ Үкімет басшысы Алматы облысында салынған, инвестиция көлемі 74 млрд теңге болатын KT&G компаниясының заманауи зауытының жұмысымен танысты. Өндірістің экспортқа бағдарлануына және Еуропа мен ТМД елдерінің нарықтарына шығу жоспарларына ерекше назар аударылды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорын жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдерінің шамамен 4%-ын қамтамасыз етті, бұл оның облыс бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастырудағы елеулі үлесін көрсетеді.

Өңірдің негізгі кәсіпорындарының қатарында тамақ өнімдерін өндіру бойынша жүйе құраушы болып саналатын «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясы бар. Кәсіпорынның қазіргі таңдағы қуаттылығы жылына 160 мың тонна дайын өнімді құрайды, экспорт көлемі – 20 мың тоннадан асады. Жалпы, 2025 жылы өндірісті жаңғыртуға 35 млрд теңге инвестицияланды, 700-ге жуық жұмыс орны ашылды, бұл ретте қызметкерлердің 95%-ы жергілікті тұрғындар. 2026 жылы компания жаңа өндірістік желіге қосымша 4,5 млрд теңге салуды жоспарлап отыр. Бұл өндірістік қуатты 170 мың тоннаға дейін, ал қызметкерлер санын 780 адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Ал жалпы 2030 жылға дейін «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС өндірісті кеңейтуге тағы 21 млрд теңге инвестиция салуға ниетті. Нәтижесінде 1 мыңға дейін жұмыс орнын ашу жоспарлануда, бұл жергілікті экономиканың дамуына және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал ететін болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Внимание в ходе поездки уделено развитию агропереработки.

🌾 Премьер-министр ознакомился с деятельностью агропромышленного кластера на базе завода «Қ…