Басты бет Ақпарат ағыны Райымбек ауданында «Жер аманаты» комиссиясы 17 мың гектардан астам жерді мемлекет меншігіне қайтарды

Райымбек ауданында «Жер аманаты» комиссиясы 17 мың гектардан астам жерді мемлекет меншігіне қайтарды

0
1,143

«Жер аманаты» жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі республикалық комиссияның кезекті сапары Райымбек ауданында өтті. «AMANAT» партиясы Райымбек ауданы бойынша 17 мың гектардан астам жайылымдық жерді мемлекет меншігіне қайтарды. «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері – партия Хатшысы Дәулет Кәрібек, Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов, Мәжіліс депутаттары Жанарбек Әшімжан, Бақытжан Базарбек Райымбек ауданының тұрғындарымен кездесіп, жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Комиссия күшімен Алматы облысында 44,6 мың гектардан астам жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Дәулет Кәрібектің мұндай жұмыстардың еліміздің барлық өңірінде жүргізіліп жатқанын айтты. «Жобаның негізгі мақсаты – пайдаланылмай, заңсыз беріліп жатқан жерлерді елге, мемлекетке қайтарып беру. Енді осының аясында бізде Райымбек ауданы бойынша 17 448 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Атап айтсақ, Ұзақ батыр ауылдық округіне карасты Шәлкөде жайлауынан 4200 гектар, Шалкөде ауылдық округінен 2000 гектар, 11 мыңнан астам гектар жер телімі түрлі компаниялардан және жеке тұлғалардан 1337 гектар жер учаскелері сот шешімі аркылы кайтарылды», – деді комиссия төрағасы Дәулет Кәрібек. Бұдан бөлек «A and D» company ЖШС-не қарасты 1 500 га жер учаскісін қайтару үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер Комитеті мен аудандық әкімшілікпен бірлесе отырып, тиісті актілер толтырылып, хабарлама жіберілді. Оған қоса «Шиндал-Сан», «Қуат ЛтД» және «Tengri Land» ЖШС 18 000 га жер телімін қайтару үшін, Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолданды.

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі Мади Сайдильдин +7 700 444 55 10

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады

Коммуналдық қызметтерге қатысты өтінімдер мен шағымдарды енді «109» бірыңғай байланыс орта…