Басты бет Ақпарат ағыны «Заң мен тәртіп» – құқықтық мәдениетті қалыптастырудың басты қағидаты

«Заң мен тәртіп» – құқықтық мәдениетті қалыптастырудың басты қағидаты

0
18

Қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың қауіпсіз өмір сүруінің негізгі кепілі – заңның үстемдігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуы. Осыған орай, елімізде жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» идеологемасы азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, заң талаптарын құрметтеуді қалыптастыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамда жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында мемлекеттік органдар, құқық қорғау құрылымдары, білім беру ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар және азаматтық қоғам өкілдері бірлесіп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – әрбір азаматтың өз құқықтары мен міндеттерін білуіне ықпал ету, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық тәртіпті нығайту. Аталған бастама шеңберінде жастар арасында құқықтық тәрбиені күшейтуге, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, интернет-алаяқтықтың, есірткі құқық бұзушылықтарының және өзге де заңсыз әрекеттердің алдын алуға ерекше көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, халықпен тұрақты кездесулер өткізу, түсіндіру науқандарын ұйымдастыру және бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы құқықтық ақпарат тарату жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Заңға құрмет пен қоғамдық тәртіпке жауапкершілік – қауіпсіз әрі әділетті қоғамның негізі. Сондықтан «Заң мен тәртіп» идеологемасы қоғамда құқықтық сананы қалыптастыруға, азаматтардың белсенді азаматтық ұстанымын дамытуға және елдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтуға қызмет ететін маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

Ұйғыр аудандық Ардагерлер ұйымының төрағасы Ербол Нұрсейітов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында жаңғыртудан өткен екі теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Алматы облысында Шамалған және Қазыбек бек станцияларының теміржол вокзалдарын реконструкц…