Алматы облысында шомылу маусымы кезеңінде су айдындарындағы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар күшейтілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында тТтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Арман Макенов мәлімдеді.
Спикердің мәліметінше, бүгінде облыс аумағында шомылуға рұқсат етілген 125 орын белгіленген. Оның ішінде 7 коммуналдық және 118 жекеменшік демалыс аймағы жұмыс істейді. Ең көп демалушы Қапшағай су қоймасының жағалауына келеді. Демалыс және мереке күндері мұнда бір мезгілде он мыңнан аса адам жиналатындықтан, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары ерекше бақылауға алынған.
Осыған байланысты Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті су айдындарындағы жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіп, күнделікті профилактикалық және рейдтік іс-шараларды ұйымдастыруда. Демалыс күндері Департамент бөлімшелері күшейтілген жұмыс режиміне көшіріліп, рейдтерге барлық жеке құрам жұмылдырылды.
— Рейдтік іс-шаралар барысында судағы қауіпсіздік талаптарын бұзу, шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын сақтамау және азаматтардың жабдықталмаған орындарда шомылуы сияқты құқық бұзушылықтардың алдын алуға басымдық берілуде. Бұл жұмыстар прокуратура және полиция органдарымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Жүргізілген бақылау нәтижесінде заң талаптарын бұзған 10 шағын көлемді кеме анықталып, айыппұл тұрағына қойылды, — деді Арман Миржанұлы.
Судағы қайғылы оқиғалардың негізгі себебі адам факторымен байланысты. Мамандардың айтуынша, қауіпсіздік талаптарын елемеу, жабдықталмаған жерлерде шомылу, алкогольдік ішімдік ішу және балаларды қараусыз қалдыру қайғылы жағдайларға әкеледі.
Жыл басынан бері су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша 140 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 2,3 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен қатар Кодекстің 582-бабы бойынша 70 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылып, 1,5 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді. Шомылу маусымы басталғалы Алматы облысының су айдындарында 13 адам қаза тапты. Оның 4-і бала. Одан бөлек құтқарушылар 35 адамның өмірін сақтап қалды, — деді спикер.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды тек рұқсат етілген жағажайларда демалып, судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Су айдындарындағы жағдай тұрақты бақылауда және шомылу маусымы аяқталғанға дейін профилактикалық жұмыстар үздіксіз жалғасады.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Напоминаю: без качественных дорог с современной придорожной инфраструктурой обслуживания Казахстан не может претендовать на статус глобальной транзитной магистрали или Евразийского транспортно-логистического узла.
Такова цена вопроса. Он должен быть решен во что бы то ни стало. Если граница превратилась… -
️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бұдан бөлек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қомақты қаржы бөлінеді. Көптеген елді мекендерге газ және таза ауыз су тартылады.
Үкімет жыл соңына дейін нақты жобалардың бастапқы тізімін әзірлейді. Бұл тізім барлық айма… -
️Президент: «Осы орайда әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға ерекше мән береміз. Бұған біздің күшіміз де, мүмкіндігіміз де жетеді.
Халықаралық валюта қоры ұсынған болжамға сәйкес, биыл еліміздің жалпы ішкі өнімі 400 милли…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі артты
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 102,9%-ды құрады. Ө…
