Басты бет Ақпарат ағыны Алматы облысында сел қаупі сейілді

Алматы облысында сел қаупі сейілді

0
152

Өңірде биыл сел қаупі ерекше жоғары болды. Таулы аймақтарда мұздықтардың қарқынды еруі мен мол жауын-шашын өңірдегі жағдайды күрделендіріп, табиғи апат қаупін күшейтті. Дегенмен, Төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазселденқорғау» мамандарының үйлесімді және жедел жұмыстарының арқасында сел қаупі сейілді.

Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Дәурен Азаматовтың айтуынша, ең қауіпті учаскелер Талғар, Қарасай және Еңбекшіқазақ аудандарында тіркелген. Бұл аудандардағы мұздықтардан толатын тау өзендері, әсіресе Талғар, Түрген және Қаскелең өзендері сел қаупін тудырды. Дер кезінде қабылданған шаралар апаттардың алдын алуға мүмкіндік берді.

«Биыл біз 34 бақылау бекетін орнатып, 152 жерүсті және 5 әуеден тексеру жұмыстарын жүргіздік. Қауіпті аймақтарға 16 ескерту белгілері орнатылып, жағдайды үнемі бақылауда ұстадық”,– деп атап өтті Дәурен Азаматов.

«Қазселденқорғау»ММ басшысының орынбасары Айдын Бошкаев нақты шаралар қабылдаудың арқасында сел қаупін азайту мүмкін болғанын айтты.
“Мореналық көлдердегі су деңгейін төмендету үшін сифонды құбырлар орнатылып, арналар тереңдетілді, бұл сел қаупін едәуір төмендетуге көмектесті”,-деді ол.

Алматы облысында биылғы сел қаупі кезеңі табысты аяқталды. Дегенмен, мамандар табиғаттың тосын мінезіне әрдайым дайын болу керектігін ескертеді. Өңірде 285 мореналық көлдің 76-сы қауіпті деп есептеледі. Сондықтан бақылау жұмыстары тұрақты түрде жалғаса береді.

Сел қауіпінің алдын алу шаралары 4 мыңға жуық тұрғынды және 1000-нан астам нысанды қауіптен қорғауға мүмкіндік берді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Пресс-релиз: Ақын Үмбетәлі Кәрібаевтың туғанына 135 жыл

Өтетін күні: 2024 жылғы 11қазан Өткізу уақыты: 10.00 Өтетін орны: Жамбыл ауданы,Үмбетәлі а…