Басты бет Саясат АЭС құрылысы: жаһандық прогресстің бір бөлшегіне қалай айналуға болады

АЭС құрылысы: жаһандық прогресстің бір бөлшегіне қалай айналуға болады

0
175

Сарапшылар АЭС-тің әлемдегі жұмысына тоқталды

АЭС құрылысы: жаһандық прогресстің бір бөлшегіне қалай айналуға болады

Фото: freepik.com

АЭС – арнайы білімді қажет ететін жоғары технологиялық сала. Біздің бүгінгі спикерлеріміз де дәл сондай адамдар. Қазақстандық және халықаралық айтулы сарапшылар атом энергетикасы саласында сіз білмейтін сұрақтардың жауабын айтады. Сарапшылардың уәж-дәйектері 6 қазан күнгі референдумда сізге дұрыс шешім қабылдауға көмек етері анық, деп жазады Azattyq Rýhy халықтық штабтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

 Бүгінгі таңда дүние жүзінде 415 ядролық энергоблоктар жұмыс істейді. Мысалы, Қытайда 56 реактор бар болса, жоспар бойынша 2050 жылға дейін тағы 150 реакторды іске қосылмақ.

Сарапшылар дәл атап өткендей, Қазақстан атом энергетикасы саласына кеше ғана келген жоқ. Дамудың бастауы елде алғашқы реактор пайда болған баяғы кеңестік кезеңнен басталады.

Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазиннің айтуынша, Қазақстан өзінің бай мұрасын сақтап қана қоймай, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) мойындауына да қол жеткізді.

«25 жыл бойы біз жылдам нейтронды реакторды тиімді пайдаландық, 1999 жылы оны сәтті істен шығардық, содан кейін қалдықтарды өңдеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, аумақты тазалап қалпына келтірдік. Қазір елімізде үш реактор тып-тыныш қана жұмыс істеп тұр. Үлбі металлургиялық зауыты нәтижелі өнім өндіруде. Қытайға отын жинақтарын экспорттау қарқынды жүруде. Біз қажетті әлемдік стандарттарды ұстанамыз,  ядролық және радиациялық қауіпсіздік мәдениетін ұғына білеміз. Осы құзыреттердің барлығын ескере отыра, бейбіт атом жолын таңдап алған Қазақстан жаһандық ядролық қаруды таратпау саласында да көшбасшы боп отыр», — деді ол.

Атом ядроларынан энергия алу жүйесін шын мәнінде неден тұратыны туралы бізге физика-математика ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан атом электр станциялары» АҚ Бас директоры Тимур Жантикин айтып берді.

«Атом электр станциясы – көмір немесе газ қазандығының орнында ядролық реактор тұрған кәдімгі жылу станциясы. Ол екінші контурға өз энергиясын береді де, одан шыққан бу турбиналарды айналдырады. Яғни, жылу станциясының әдеттегі циклі жүзеге асады. Бір сөзбен айқанда, отын жинақтары құрастырылатын бір жанармай таблеткасы ең жақсы деген көмірдің бірнеше вагонын алмастырады», — дейді ол.

Тимур Жантикин атом энергетикасы Қазақстан үшін энергетикалық тәуелсіздік пен қауіпсіздіктің кепілі екеніне сенімді. Ел экономикасының одан әрі өсуін ол атом электр станцияларының салынуымен байланыстырады.

«Әрине, бүгінгі қиындықтарды еңсеріп шығу үшін индустриялық экономикаға, яғни білім экономикасына көшу керек. Ал тұрақты генерация болмаса мұны істеу мүмкін емес», — деп ойын түйді маман.

Оның пікірлес замандасы — ҚР Еңбек сіңірген энергетигі Яхия Чудров та өз кезегінде, өнеркәсіптік дамуға бет бұру қажеттігін растай отырып, атом электр станциясының бірқатар даусыз артықшылықтарын тізіп өтті.

«Егер бұл жерде сөз еліміздің егемендігі туралы, индустриалды жоғары технологиялық дамыған ел болу туралы болса, біз ғылыми-техникалық прогрестен қалыс қалмауымыз керек екені сөзсіз. Әрине, атом станциясының барлық жақсы жақтарын уәж етіп келтіргеннің өзінде қарсы тарап оның теріс жақтарын дәлелдеуден танбай отыр. Мен бұған қатысты бір мысал келтірейін, біздің облыстың шекарасынан 184 шақырым қашықтықта Балаково деген елді мекен бар. Ол жерде 1985 жылы атом станциясының алғашқы блогы қолданысқа берілген, ал 1993 жылы төртінші блок қосылды. Сол станция 39 жыл бойы жұмыс істеп келеді, мен ол жерде бірнеше рет болдым. Станцияның жалпы жылдық қуаты 30 миллиард киловатт-сағатты құрайды. Бұл іс жүзінде Қазақстандағы электр генерациясының үштен бір бөлігі. Қиын-қыстау 1990-2000 жылдары біз осы станциядан шамамен 300 миллион киловатт-сағат энергия алдық. Бұл — біздің облыстың қажеттілігінің 60%-ы. Сол станция әлі күнге бірқалыпты режимде жұмыс істеп тұр, ол жердегі адамдар да, инфрақұрылымдар да барлығы жақсы.Сондықтан айтарым, станцияның құрылысына сауатты, жауапты, кәсіби тұрғыда қарар болса, ол соған лайық қызмет етеді», — дейді Чудров.

Сарапшы экономикалық, техникалық параметрлері бойынша атомдық станция жаңартылған энергия көздерінен сан есе асып түсетінін айтады.

Енді экономикалық аспектіден қоршаған ортаға көшейік.

Эколог әрі «Байтақ» партиясы төрағасының штаттан тыс кеңесшісі Азамат Аябергенов дәстүрлі энергия ластаушы негізгі көздердің бірі деп санайды, яғни, көмір, газ және басқа да жанғыш материалдардың жануы көп мөлшерде шығарындылар мен парниктік газдар бөледі. Бұл қазақстандықтардың денсаулығына тікелей әсер етеді.

«АЭС газ бөлмейді, күл шықпайды, ағынды сулар жоқ. Жаһандық климаттың өзгеруі және парник газдар қалдығын азайту қажеттігі туып тұрған жағдайда мен атом электр станциясының құрылысы таза және тұрақты энергетиканы дамытудағы маңызды қадам болар еді деп есептеймін. АЭС — электр энергиясының барлық қажетті көлемін қамтамасыз етуге қабілетті тұрақты энергия көзі. Атом электр станцияларын энергетикалық қауіпсіздікке кешенді көзқарастың бір бөлігі ретінде пайдалану – ертеңгі таза планета үшін күресте алға жасалған үлкен қадам болмақ», — деді ол.

Қазақстандықтардың бір бөлігін радиация, қауіпсіздік және жалпы атом энергиясына деген қажеттілік мәселелері толғандыратыны түсінікті. Бірақ, сайып келгенде, қоғамдық пікірдің әртүрлі боп келетініне қарамастан, «себеп, салдар және пайда» атты қарапайым логикаға сүйенетіні анық бола түсті. Яғни, эмоцияны былай қойып, нақты кәсіби баға беруге сүйенсеңіз, онда бүкіл әлемде жетекші сарапшылар бір ауыздан «АЭС – озық  энергетикалық болашақтың кілті» деген тұжырымға тоқталғанын ұғынар едіңіз.

Дәл сол экологиялық қауіпсіздік туралы айта келе, Швейцариядан келген атом энергетикасы жөніндегі инженер Лука Тагляпиетра атом электр станцияларын жобалау кезінде барлық ықтимал қауіптер толығымен ескерілетінін атап өтті. Негізгі назар «адами фактордың» алдын алуға бағытталмақ.

«Біз бүкіл планетаны декарбонизациялауымыз керек, ал атом электр станциялары бұл жерде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, ресурстардың қауіпсіздігі де өте маңызды. Бізде мұнай-газ, көгілдір отын мәселесі қашан да бар. Әсіресе, қазір энергияға сұраныс артып, халқымыз көбейіп жатқандықтан, бізге енді көбірек энергия қажет. Ядролық энергетиканың негізі боп саналатын технология, әсіресе отынды қайта өңдеу тұсындағы технология, қалдықтарға қатысты кез келген әсерді азайтады. Сондай-ақ «адами факторды» болдырмау үшін қарастырылған ережелер мен сынақ хаттамалары тағы бар. Соңғы 80 жылда ешқандай да тосын оқиғалар болмаған», — деп атап өтті маман.

Швейцариядан Аргентинаға көшейік, онда қазір 5 зерттеу реакторы жұмыс істеп тұр, тағы 1 реактордың құрылысы жүріп жатыр. Бұл ел бірден 3 АЭС пайдаланып отыр, олар елдің энергияға қажеттілігінің 6%-ын қамтамасыз етеді.

NAC International бас консультанты Марсело Сальваторе Аргентинаның атом энергетикасын дамытудағы жетістігі мен Қазақстанның осы саладағы әлеуеті туралы айтып берді.

«Аргентина үшін атом энергетикасы приоритетті бағыт болды. Өйткені біз ядролық технологияны жергілікті жерде дамыту және пайдалану арқылы экономиканың басқа салаларындағы мүмкіндіктерді дамыта түсетінімізге сендік және әлі де сенеміз. Бүгінде Қазақстан — уранға әлемдік сұраныстың жартысына жуығын қамтамасыз етіп отырған жаһандық эталон, сенімді серіктес. Мен ел басшылығының маңызды шешімдер қабылдау кезінде адамдарға арқа сүйейтінін өте жоғары бағалаймын – бұл қоғамның жетілгендігі мен ондағы қарым-қатынастар туралы көп нәрсені білдіреді. Халық сезімге беріліп емес, ақылға салып дауыс береді деп сенемін. Өйткені  ядролық энергетиканың артында тұрған барлық дәлелді себептерді ортаға қойғанда, мұнан шығатын жалғыз қорытынды оны қолдау деп есептеймін», — деді Сальваторе сенімді түрде.

Сарапшылар қазақстандықтардың 6 қазанда жасайтын таңдауы одан әрі экономикалық өсімге негіз болатынын атап өтіп отыр. Біз не өзгеріп, таза энергияға, инфрақұрылым мен жаңа индустрияларды дамытуға және смарт-қалалар құруға дауыс береміз, немесе қазба байлықтарға тәуелді күйде технологиялық жағынан артта қалған ел боп жүре береміз.

Ал өңірлердегі көңіл-күйге қарағанда, көптеген қазақстандықтар мұны анық түсінеді. Олар саналы таңдау жасауға дайын. Атом электр станциясын салу жөніндегі Халықтық штаб мүшелерімен кездесулерде де дәл осы жайлар айтылады. Олардың артында ел азаматтарының басым бөлігі, соның ішінде энергияға ең тапшы оңтүстік өңірлер тұр. Міне, бұл адамдар жаңа энергетикалық қуаттарды енгізу қажеттілігіне бастарынан өткен ащы тәжірибеде көз жеткізіп отыр. Ол қуаттар экологиялық таза және сенімді көздерден алынбақ. Әлемдегі белді сарапшылар АЭС-тің барлық басымдықтарын жіпке тізгендей етіп айтып отырғанда, оның болашағына күмәнмен қарауға болмайды. Ендеше, барша қазақстандықтарды 6 қазан күні референдумға келіп АЭС-ті қолдап дауыс беруге шақырамыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Шарындықтар белсене атсалысты

Халық арасында «Тазалық – денсаулық кепілі»дейтін тәмсіл бар. Қазіргі таңда жүзеге асырылы…