Басты бет Саясат АЭС-ті тек бір мемлекет сала алмайды – Мақсат Толықбай

АЭС-ті тек бір мемлекет сала алмайды – Мақсат Толықбай

0
190

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай АЭС құрылысына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 АЭС салу – қажеттіліктен туындап отырған мәселе. Өйткені қазірдің өзінде біз көрші елге тәуелдіміз (электр энергиясын сатып аламыз — ред.). Жылына 100 миллиардтаған теңге Ресейге кетіп жатыр. Көрші үйге сымды қосып қойып, “тәуелсізбіз” деп, құр мақтанғанмен ештеңе өзгермейді. Біздегі ЖЭО-лардың жағдайын білесіздер. 60%-ының тозығы жеткен. Сондықтан болашаққа қандай Қазақстан қалдырамыз? 20 жылдан кейін энергияға сұраныс 100 есе көбеюі мүмкін. Сол себепті бұл (АЭС құрылысы — ред.) осыны шешу үшін қолға алынып жатқан шара. Жер-жерді аралап жүрміз. Қоғам мұны кім салатынына алаңдап отыр. “Ресей сала ма? Біз Мәскеуге кіндікпен байланып қалмаймыз ба?” деген сұрақ мазалайды. Мен мұны Ресей сала алмайтынын ашық айтқым келеді. Оған мүмкіндік те жоқ. Олар реакторларын сыртқа шығара алмайды. Ол онсыз да санкцияның астында, — деді Мақсат Толықбай.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы — тек бір рет өткізілетін сенбілік емес. Бұл таза жән…