Шонжы ауылында жастармен кездесу ұйымдастырылып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттары түсіндірілді.
Кездесу барысында жастардың білім алуы мен кәсіби дамуына қолдау көрсету, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту және жас буынның қоғамдық өмірге белсенді араласуы мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, жастардың ел болашағын қалыптастырудағы рөліне ерекше тоқталып, олардың бастамалары мен ұсыныстарына назар аударылды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, жастар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ой-пікірлерімен бөлісті.

