Басты бет Ақпарат ағыны Азаматтық ұстаным – ел болашағына қосылған үлес

Азаматтық ұстаным – ел болашағына қосылған үлес

0
30

Қоғамның тұрақты дамуы мен елдің ертеңі әрбір азаматтың жауапкершілігіне, белсенділігіне және азаматтық ұстанымына тікелей байланысты. Мемлекет үшін маңызды саяси кезеңдерде бейжай қалмай, қоғамдық үдерістерге атсалысу – ортақ болашаққа деген жанашырлықтың айқын көрінісі. Алдағы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды белес. Бұл – елдің даму бағытына қатысты өз көзқарасын білдіруге, қоғамдық өзгерістердің бір бөлшегі болуға мүмкіндік беретін жауапты кезең. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы тек мемлекеттік бастамалармен ғана емес, халықтың белсенділігімен де қалыптасады. Сондықтан әр азаматтың саяси мәдениеті, қоғамдық мәселелерге деген бейжай қарамайтын көзқарасы мен жауапкершілігі мемлекетіміздің өркендеуіне ықпал етеді. Бүгінгі таңда еліміз жаңғыру мен даму жолында нық қадам жасап келеді. Осындай маңызды уақытта әрбір азаматтың белсенділігі ерекше мәнге ие. Өйткені елдің ертеңгі келбеті бүгінгі ортақ ұстанымымыз бен қабылданатын шешімдерімізге байланысты. Сондықтан барша тұрғындарды алдағы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауына белсенді қатысып, азаматтық жауапкершілігін танытуға шақырамын. Болашаққа деген сенім мен ел тағдырына деген жанашырлық – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Бірлігі бекем, берекесі мол Қазақстанды бірге қалыптастыру – баршамыздың ортақ мақсатымыз.

 

Ұйғыр аудандық Журналистер клубының мүшесі

Сембекқызы Перизат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

23 ТАМЫЗ – ЕЛ ТАҒДЫРЫНА БЕЙЖАЙ ҚАРАМАЙТЫН КҮН

Әр кезеңнің өз жауапты сәттері болады. Менің ойымша, 23 тамыз – еліміздің болашағына қатыс…