Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Тағылымды басқосу табиғатты қорғау саласында еңбек етіп жүрген мамандардың кәсіби қызметін дәріптеп, олардың еңбегіне құрмет көрсетуге және ұжым арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналды. Мерекелік шара барысында табиғи байлықтарды сақтау мен орман қорын қорғауға үлес қосып жүрген қызметкерлерге құрмет көрсетіліп, бірқатары еңбектегі жетістіктері үшін марапатталды. Бұл – қоршаған ортаны қорғау жолында жауапкершілікпен қызмет етіп жүрген мамандардың еңбегіне берілген лайықты баға. Іс-шараның жалғасында қызметкерлер арасында ұлттық және спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар садақ ату, қол күресі, мас-рестлинг, асық ату және эстафеталық жарыстар бойынша өзара бақ сынады. Сайыстар барысында қызметкерлер өздерінің ептілігін, күш-жігерін, төзімділігі мен ұйымшылдығын көрсетті. Спорттық бәсекелер мерекенің мазмұнын арттырып, ұжым мүшелерінің бір-бірімен жақынырақ араласуына мүмкіндік берді. Орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі табиғи экожүйелерді сақтауда, орман қорын қорғауда және келешек ұрпаққа қоршаған ортаны аманат етуде айрықша маңызға ие. Табиғат байлығын сақтау жолындағы күнделікті қызмет жоғары жауапкершілікті, кәсіби біліктілікті және табиғатқа деген жанашырлықты талап етеді. Мерекелік шара сала мамандарына құрмет көрсетіп қана қоймай, ұжымдық бірлікті нығайтып, ортақ іске деген ынтаны арттырды. Табиғатты қорғау жолында табанды еңбек етіп жүрген барша орман шаруашылығы қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық және кәсіби қызметтеріне толағай табыс тілейміз!
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Кітап сыйлау – рухани құндылықты бөлісу!
25 қазан – Республика күніне орай Кіші Дихан ауылдық кітапханасында «Саған кітап арнадым» … -
Республика күніне орай «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында «Саған кітап арнадым» республикалық акциясы басталды!
📖 Акцияның басты мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырмандар арасында кітап сы… -
Республика күніне орай велоспорт жарысы өтеді
Құрметті аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері және аудан қонақтары! Сіздерді 25 қазан – …
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
Кітап сыйлау – рухани құндылықты бөлісу!
25 қазан – Республика күніне орай Кіші Дихан ауылдық кітапханасында «Саған кітап арнадым» …
