Алматы облысы Іле ауданында «Әйел & Бизнес: Жаңа дәуір» атты әйелдер форумы өтіп, қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыру, кәсіпкерлікті дамыту және жаңа бастамаларды қолдау мәселелері кеңінен талқыланды. Ауқымды шара өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретін маңызды диалог алаңына айналды.
Форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіпкер әйелдер, қоғамдық ұйым жетекшілері, сарапшылар мен белсенді жастар қатысып, тәжірибе алмасып, өзекті мәселелер бойынша пікір өрбітті.
Іс-шараның ашылуында әйелдердің отбасы мен қоғамдағы орны, гендерлік теңдік, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және көшбасшылық қасиеттерді дамыту бағытындағы мемлекеттік саясаттың маңызы атап өтілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің қоғам өміріндегі белсенділігін арттыру, олардың құқықтарын қорғау және отбасы институтын нығайту мәселелеріне ерекше көңіл бөліп келеді. Бүгінде бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп, әйелдердің білім алуына, еңбек етуіне және кәсіпкерлікпен айналысуына кең мүмкіндіктер жасалуда.
Алматы облысында әйелдер қоғамдық өмірдің барлық саласында белсенді еңбек етуде. Өңір халқының 779 мыңнан астамын әйелдер құрайды. Мемлекеттік қызмет саласында олардың үлесі 48 пайыз болса, басқарушы лауазымдардағы әйелдердің көрсеткіші 27 пайызға жеткен.
Әйелдер кәсіпкерлігі де өңір экономикасының маңызды қозғаушы күшіне айналып отыр. Жыл басынан бері жұмыспен қамтылған 12 мыңнан астам азаматтың 7 мыңнан астамы әйелдер болса, мыңдаған тұрғын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған. Сонымен қатар кәсіби оқыту, жаңа мамандықтарды игеру және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларына қатысып келеді.
Форум барысында әйелдерді қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың тиімділігі сөз болды. Атап айтқанда, «Бастау Бизнес» жобасы, «Enbek Skills» онлайн платформасы және өзге де қолдау құралдары арқылы әйелдердің жаңа дағдыларды меңгеруіне, жеке кәсібін ашуына және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беріліп отыр.
Шара аясында табысты кәсіпкер әйелдердің тәжірибесі таныстырылып, өңірдің дамуына үлес қосып жүрген белсенді азаматшалар марапатталды. Қатысушылар жаңа идеялар ұсынып, әріптестік байланыстар орнатуға мүмкіндік алды.
Форум әйелдердің әлеуетін ашуға, олардың бастамаларын қолдауға және қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды алаң ретінде өз мәресіне жетті.
Әйелдер – отбасының ұйытқысы ғана емес, елдің дамуына үлес қосатын үлкен күш. Сондықтан олардың еңбегі мен бастамаларын қолдау – қоғамның тұрақты дамуының маңызды кепілі.
Форум жұмысына қатысқан барша әйелдер қауымына жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Алматы облысында 85 ауылға талшықты-оптикалық байланыс тартылады
Алматы облысы республика бойынша алғашқы өңірлердің бірі ретінде Qonaev AI жасанды интелле… -
«Закон и порядок»: в Алматинской области продолжается системная работа по профилактике коррупции
По итогам первого полугодия в Алматинской области количество зарегистриров… -
Заң мен тәртіп: Алматы облысында сыбайлас жемқорлық көрсеткіші 75 пайызға төмендеді
1 / 7 Алматы облысында сыбайлас жемқорлық көрсеткіші былтырғы жылдың сәй…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
Алматы облысында 85 ауылға талшықты-оптикалық байланыс тартылады
Алматы облысы республика бойынша алғашқы өңірлердің бірі ретінде Qonaev AI жасанды интелле…
