Басты бет Басты ақпарат ТАРИХТЫ ЖАСАЙТЫН МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ

ТАРИХТЫ ЖАСАЙТЫН МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ

0
44

(Аудан әкімі Бота Елеусізованың құттықтауы)

      28 маусым бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен аудандық «Қарадала тынысы – Қарадала нәпәси» газетінің ұжымын шын жүректен құттықтаймын. Ауданның тыныс-тіршілігінен хабар таратып, мемлекеттің саясатын аудан жұртшылығына жеткізіп, мемлекеттік бағдарламалар мен еліміздегі саяси ахуалды тұрғындармен бөлісіп отырған бірден-бір басылым ретінде ұжым мүшелеріне шынайы алғысымды жеткізгім келеді.

Менің де бар жұмысымды, ауданның жаңалықтары мен жақсылықтарын жарғақ құлақтары жастыққа тимей ақпараттандырып отырған тілшілердің жұмысына шығармашылық табыс тілеймін. Газеттің жұмысы оңай емес. Қиындығы мен қызығы бірге жүретін редакция қызметкерлеріне қаламдарыңыз қарымды болып, шығармашылықтарыңыз шабытқа толып, оқырмандарыңыз көбейсін деген тілек айтқым келеді. Қоғамдық келісім мен татулық, достық, ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығы жайлы мақалалар арқылы аудандағы ұлттардың бір-бірімен достығы арта түспесе кеміген жоқ. Өз ісіне азаматтық көзқараспен қарап, жаңашылдыққа ұмтылып, маңызды жұмысты атқара жүріп, қайнаған ортадан табыласыздар. Бұл да үлкен жауапкершілік. Қоғамның ең өткір, ең өзекті сауалдарына жауап табуға тырысып, үнемі ізденіс үстінде тынбай жүресіздер.

Аудан әкімдігі үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастық  – ақпараттық саясаттың негізі болып табылады, өйткені біздің міндетіміз ортақ – қоғамды біріктіру, руханият пен патриотизмді арттыру, жастарды тәрбиелеу. Сіздер арқылы аудан халқы тың жаңалықтар мен қажетті ақпараттарды алады. Еліміздің татулығы мен тұрақтылығының өрістеп-өрлеуінің қарқынын паш ететін журналистер қашанда кез келген құрметке лайықты. Бұдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп баға берген еді. Бұл ұлағатты сөзді қазір тек басылымдарға ғана емес, барлық электронды ақпарат құралдарына, ақпарат агенттіктеріне қатысты қолдануға болады. Сіздердің жазған әрбір мақалаларыңызда ауданның тыныс-тіршілігі, елдің ойы мен пікірі, талабы мен тілегі, қоғам дамуының тынысы айқын көрініс тауып отырады. Өйткені, жұмыс барысында жұртпен етене араласып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жүзеге асыруға зор еңбек сіңіріп келесіздер. Журналист болу үшін кәсіби біліктілікке қоса, батылдық пен табандылық керек. Өзгенің мәселесіне жанашырлық танытып, әрбір іске жауапкершілікпен қарайтын, жұрт жұмысына жегіліп, елдің кем-кетігін түгендеуге тырысатын,  қоғамдағы түйткілдерге парасат биігінен көз салатын және ұлттық деңгейде ойлай білетін журналисті бүкіл халық құрметтейді.          Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып,  дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Халыққа жасаған қызметтеріңіз абыройлы болсын! Табысты да жемісті еңбектеріңіз ақталып, алдағы мақсаттарға жету жолында жаңа биіктерден көріне беріңіздер!

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ТІЛ ДЕГЕНІМІЗ – РУХ

Отаны жоқ болса да тілдерін жоғалтпай, қызғыштай қорғап жүрген ұлттар баршылық. Олар өзге …