Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіндігін ресми түрде мәлімдейді.
Оңтүстік өңірлердегі тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету жағдайы толықтай тұрақты. Электр энергиясы штаттық режимде жеткізіліп, халық пен өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлық қажеттіліктерін қамтып отыр. Елдің бірыңғай электр энергетикалық жүйесі де ақаусыз жұмыс істеп тұр.
⚠️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді: фейктерді жасау, сондай-ақ оларды тарату (мессенджерлер арқылы жіберу, әлеуметтік желілерде бөлісу) құқықтық жауапкершілікке әкеледі.
🔎 Ақпаратты міндетті түрде тексеріңіз, тек ресми дереккөздерге сеніңіз және ақпараттық манипуляцияларға ермеңіз.
Әрбір азамат тексеру үшін хабарламаларды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығына жолдай алады.
Чат-бот сілтемесі — сипаттамада.
