Басты бет Ақпарат ағыны Ұстаз еңбегі – ұрпақ тәрбиесіндегі үлкен жауапкершілік

Ұстаз еңбегі – ұрпақ тәрбиесіндегі үлкен жауапкершілік

0
26

Ұстаздық – білім берумен қатар, жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін жауапты мамандық. Осы жолда табанды еңбек етіп жүрген Ұйғыр ауданының педагогі облыстық байқауда жоғары нәтиже көрсетті. «Үздік сынып жетекші» облыстық байқауында Н. Исахметов атындағы орта мектептің сынып жетекшісі Сайран Айерке жүлделі ІІ орынға ие болды. Бұл жетістік – ұстаздың кәсіби шеберлігі мен ізденісінің, оқушылар тәрбиесіне деген жауапкершілігінің нәтижесі. Сынып жетекшісінің жұмысы оқушылардың білім алуына ғана емес, олардың бойында ізгілік, тәртіп, жауапкершілік пен сыйластық құндылықтарын қалыптастыруға да бағытталады. Облыстық деңгейдегі байқауда жүлделі орынға ие болу – педагог еңбегіне берілген лайықты баға әрі білім беру саласындағы тәжірибесін шыңдауға жасалған маңызды қадам. Сайран Айеркені жетістігімен құттықтаймыз! Ұстаздық жолыңыз табысты болып, шәкірттеріңіздің жетістігі мен кәсіби еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Адам құқығы – мемлекет құндылығының өзегі

Қазақстан Республикасының 2026 жылы қабылданған жаңа Конституциясы елдің құқықтық дамуының…