Ұйғыр ауданының Шарын ауылында «Ауылым – алтын бесігім» атты аудандық, қалалық мәдениет күндері байқауы ұйымдастырылды. Мәдени шараның негізгі мақсаты – өңірлердің мәдени мұрасын насихаттау, ұлттық өнерді дәріптеу және рухани құндылықтарды кеңінен таныту.
Байқау аясында ынтымағы жарасқан өлкенің мәдениеті мен әдебиеті, тарихы мен руханияты көпшілік назарына ұсынылды. Қатысушылар өнер мен шығармашылық арқылы туған жердің бай мұрасын таныстырып, ұлттық дәстүрлердің сабақтастығын көрсетті.
Мұндай мәдени іс-шаралар ауыл өмірінің рухани мазмұнын байытып, өнерпаздардың шығармашылық әлеуетін танытуға, өңірлер арасындағы мәдени байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өскелең ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға ықпал етеді.
Туған жердің мәдениеті мен өнерін ұлықтаған тағылымды шара ел бірлігі мен ынтымағын нығайтуға үлес қосты. Ауылдың ажары артып, мәдениетіміз өркендей берсін!
