Кездесу барысында оқушыларға ішкі істер органдарындағы қызметтің артықшылықтары, полиция қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ ҚР ІІМ-нің ведомстволық жоғары оқу орындарына түсу тәртібі мен мүмкіндіктері туралы түсіндірме берілді.
Жастарға полиция қатарында қызмет атқаруға қойылатын талаптар түсіндіріліп, болашақ мамандық таңдауда қажетті ақпараттар ұсынылды.
📌 Полиция қатарында қызмет атқаруға ниетті азаматтарды Qyzmet-Police.kz сайты арқылы қажетті ақпаратпен танысуға шақырамыз!
Ел тыныштығын күзету — абыройлы міндет!
