Басты бет Ақпарат ағыны «АСТАНА ЭКСПО-2017»  КӨРМЕСІНІҢ МИЛЛИОНЫНШЫ КЕЛУШІСІ 

«АСТАНА ЭКСПО-2017»  КӨРМЕСІНІҢ МИЛЛИОНЫНШЫ КЕЛУШІСІ 

0
4,901

ЭКСПО-дағы өткізу пунктерінде орнатылған бейнебақылау камералары мен адам санын есептеуіш құралдар «Астана ЭКСПО-2017» Көрмесінің миллионыншы келушісін тіркеді. Ол – Астана қаласының 27 жастағы тұрғыны Гүлжихан Жанабергенова болып шықты. Гүлжиһан Көрмеге жалғыз келмей, жолдасы мен үш жасар қызын ертіп келген екен.

« Мен № 76 мектеп-лицейінде мұғалім болып қызмет етемін. Мұнда екінші рет келіп тұрмын, бірақ ол кезде біздің «Нұр Әлем» павильонына кіре алмаған едім. Сондықтан, бұл жолы, бірінші кезекте, біз өз еліміздің павильонына ат басын бұрмақпыз. Шынымды айтсам, осындай қуанышты жағдайға тап боламын деп ойламадым, тіпті ЭКСПО-ға келген адамдар саны тіркеліп отыратынын да білмеппін», – деді Гүлжихан Жаңабергенова.
Сондай-ақ, айы оңынан туған мейманды құттықтау үшін Көрменің медиа-орталығына «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов те келді. Ұлттық компанияның басшысы миллионыншы келушімен жүздесіп, оған естелік сыйлықтар мен Көрмеге және Цирк дю Солей қойылымына арналған билеттерді тарту етті. Ахметжан Есімов өз құттықтау сөзінде халықтың Көрмеге деген қызығушылығы күн санап артып келе жатқанын тағы бір мәрте атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ СУ ТАСҚЫНЫ САЛДАРЫНАН ҚАЛЫПТАСҚАН АУЫР ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҮНДЕУІ

Құрметті отандастар! Бүгін мен еліміздің азаматтарына арнайы үндеуімді жолдап отырмын. Бар…