Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Ұйғыр ауданында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау және абаттандыру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Аудан аумағында әр сәрсенбі күні тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, оған ауылдық округ әкімдіктерінің қызметкерлері, мекеме ұжымдары, кәсіпорын өкілдері және тұрғындар белсенді қатысуда. Тазалық жұмыстары барысында көшелер мен қоғамдық орындар, саябақтар мен арық-атыздар тазартылып, тұрмыстық қалдықтар жиналады. Сонымен қатар, елді мекендердің көркін жақсарту, айналаны абаттандыру және жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстарына да басымдық берілуде. Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – аудан аумағында тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және тұрғындарға қолайлы әрі таза орта қалыптастыру. Тазалық – бір күндік науқан емес, әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс ортақ міндет. Осы ретте аудан тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға және туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосуға шақырамыз.
«Тіл» оқу-әдістемелік орталығының меңгерушісі Мейір Киргизбекова

