Басты бет Ақпарат ағыны «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы

«Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы

0
431

Қазақстанның  ең үздік заңгерлері мен адвокаттары халыққа заң, құқық төңірегінде туындаған барлық сұрақтарына және шешілмеген даулар бойынша тегін консультация беріп, көмек көрсетеді.

30 мамырда бір мезгілде Қазақстанның қалалары мен елді мекендерінде «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтеді.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауатын арттыру.

«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары!

Акцияға белгілі заңгерлермен қатар нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полиция, әділет қызметкерлері, көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімі, мемлекеттік органдардың басшылары және т.б. мамандар қатысады. Бұл азаматтарға бір заңгермен ғана шектелмей, бірден бірнеше мамандардан консультация алуға және алынған жауаптардың дұрыстығына көз жеткізуге мүмкіндік береді.

Осы жылдар ішінде «Халық заңгері» акциясының қажет екені байқалды, оны қарапайым қазақстандықтар қолдап, оны өткізу дәстүрге айналды және халық оны күтуде.

2016-2024 жылдар аралығында акцияға 10000-нан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзіретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 300 000-нан астам адам консультация алды.

30.05.2025 ж. сағ 17-00 де Шонжы ауылы, Әл-Фараби көшесі, 67 үй мекенжайы бойынша өтеді: Ұйғыр аудандық мәдениет үйі ғимараты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Антониу Кошта Еуропа Одағы мен Қазақстанның серіктестігі нақты нәтиже беріп отырғанына назар аударды

– Осы аптада Брюссельде визалық режимді жеңілдету жөніндегі келіссөзді бастадық. Бұл уағда…