Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектепте мектеп басшылары мен басшы орынбасарларының қатысуымен «Менеджмент және инновация» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Тағылымды басқосудың негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарын басқарудың заманауи тәсілдерін талқылау, білім сапасын арттырудағы инновациялық әдістердің маңызын айқындау, озық тәжірибелермен бөлісу және педагогикалық басқару жүйесін жетілдіру жолдарын қарастыру.Конференция жұмысына жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары, педагогикалық шеберлік орталығының мамандары және білім беру саласының өкілдері қатысты. Атап айтқанда, СДУ университетінің PhD, ассистент профессоры Бауыржан Қазиев Қайырбайұлы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің оқытушылары, PhD, ассистент профессор Корбозова Назым Құрманбайқызы мен ассистент профессор Кегенова Гүлнар Болатқызы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Алматы қаласындағы филиалының аға менеджері, сертификатталған тренер Қалдарова Қарлығаш Исақызы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Әлем тарихы кафедрасының профессоры Сутеева Ханзада Ағибайқызы, тарих ғылымдарының доценті Қашақбаева Қапаш Танекеевна, тарих және құқық факультеті деканының тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Азанбаев Медет Дүйсенбекұлы және басқа да білім саласының мамандары қатысты. Жиын барысында білім беру ұйымдарын басқарудағы жаңа бағыттар, басшының кәсіби құзыреттілігі, педагогикалық ұжыммен тиімді жұмыс жүргізу, білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, мектеп жұмысын жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын ортаға салды. Қазіргі таңда білім беру жүйесі үнемі жаңарып, жаңа талаптарға бейімделіп келеді. Мұндай жағдайда мектеп басшысының міндеті тек оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырумен шектелмейді. Ол – ұжымның дамуына бағыт беретін, жаңашыл бастамаларды қолдайтын, сапалы білім мен нәтижелі жұмыстың тиімді тетіктерін қалыптастыратын жетекші. Сондықтан менеджмент пен инновацияны өзара сабақтастықта дамыту білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Конференция аясындағы баяндамалар мен пікір алмасулар қатысушыларға кәсіби тәжірибелерін толықтыруға, өзекті мәселелерге жаңаша көзқараспен қарауға және білім беру саласындағы тиімді басқару тәсілдерін зерделеуге мүмкіндік берді. Осындай ғылыми-тәжірибелік кездесулер білім беру ұйымдары арасындағы тәжірибе алмасуды жандандырып, педагогикалық әлеуетті арттыруға және білім сапасын жетілдіруге бағытталған ортақ бастамалардың жүзеге асуына ықпал етеді.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Касым-Жомарт Токаев и главы государств – членов Организации тюркских государств открыли Аллею тюркского мира, расположенную в столичном парке «Бештепе»
🔹На данной площадке были организованы национальные павильоны Турции, Азербайджана, Казахст… -
МӘЙРӘМЛИК МУСАБИҚӘ
Җумһурийәт күни һарписида наһийә һакиминиң қоллап-қувәтлиши билән велоспорт мусабиқиси өтт… -
АГРАРНЫЙ ПУЛЬС УЛКЕН АКСУ
Улкен Аксуский сельский округ, объединяющий более пяти тысяч жителей, раскинулся на террит…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
Құрылыс жылы – ел болашағына салынған берік негіз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына арнаға…
