Басты бет Ақпарат ағыны «Өнерлі ауыл» фестивалі – ауыл өнерінің жарқын көрінісі

«Өнерлі ауыл» фестивалі – ауыл өнерінің жарқын көрінісі

0
24

Ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар арасында ұйымдастырылып жатқан «Өнерлі ауыл» фестивалі бұл жолы Ават ауылдық клубында жалғасын тапты.

Фестивальдің басты мақсаты – ауылдық мәдениет ошақтарының жұмысын жандандыру, жергілікті өнерпаздардың шығармашылық қабілетін таныту, ұлттық өнер мен дәстүрді дәріптеу, сондай-ақ ауылдар арасындағы мәдени байланысты нығайту.

Мәдени шара барысында қатысушылар ән мен жырдан шашу шашып, көрермендерге мазмұнды әрі әсерлі бағдарлама ұсынды. Өнерпаздардың өнері ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, шығармашылықтың сан қырлы үлгісін көрсетті.

Осындай мәдени бастамалар ауыл өнерінің дамуына серпін беріп, талантты өнерпаздардың танылуына жол ашады. «Өнерлі ауыл» фестивалі – ұлттық құндылықтарды ұлықтап, ауыл мәдениетінің өрісін кеңейтетін тағылымды жоба.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Құрылыс жылы – ел болашағына салынған берік негіз

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына арнаға…